Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында шетел қазақтарының екі күндік өнер фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге 16 мемлекеттен 150-ге жуық суретші, әнші-жыршы мен ақын келді. Бүгін фестиваль аясында шетел қазақтарының сурет көрмесі, ақындар мен жыршылардың мүшәйрасы өтеді. Алматы, 3 қазан 2013 жыл. (Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы).
Шетел қазақтарының өнер фестивалі

1
Шетел қазақтарының "Көк тудың желбірегені" атты өнер фестиваліне қатысушыларды қарсы алушылар. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

2
Шетел қазақтарының өнер фестивальне келген қонақтар. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

3
Өнер фестиваліне Германиядан келген 16 жасар Құбылай Сүрер Әлиұлы. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

4
Құбылай Сүрер Әлиұлының "Менің атам" атты картинасы. Алматы 3 қазан 2013 жыл.

5
Өнер фестивальне қатысушы өзбекстандық жас ақын Жарасқан Нұрбаев. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

6
Моңғолиядан келген жас әнші Өзгеріс Шерікбай. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

7
Шетел қазақтарының өнер фестивальне келген қонақтар. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.

8
Өнер фестиваліне қатысушылардың көрмеге қойған туындылары. Алматы, 3 қазан 2013 жыл.