Accessibility links

Орыстар соғысты қалай ма?


Ресей премьері В. Путин (оң жакта) "Газпром" басшысы А. Миллермен газ мәселесін талқылап отыр. Санкт-Петербор, 7 қаңтар 2009ж.
Ресей премьері В. Путин (оң жакта) "Газпром" басшысы А. Миллермен газ мәселесін талқылап отыр. Санкт-Петербор, 7 қаңтар 2009ж.

Ресей мен Украина арасындағы «газ соғысы» шегіне жетті. Жағдайдың ушыққаны соншалықты өткен жылғы Ресей - Грузия соғысының күш көрсету сценарийі көз алдыңызға келеді.

«Грузиямен соғысты басқа тәсілдермен жалғастыру»Welt атты неміс газетінің бетінде энергетика саясаты саласындағы украин сарапшысы Михаил Гончар Мәскеудің Киевке қатысты ұстанған саясатын осылай бағалайды.

- ЕО сол кезде Ресейдің Грузияға баса көктегенін аямай жазғырды. Сондықтан Ресей Украинаға қатты күш көрсетуде өзін емін-еркін сезінуде.Әрине, бұл сауда кикілжіңі,бірақ бұның астарында саяси мүдде жатыр. Мен бұл газға қатысты дауды Грузияға қарсы соғысты басқа жолдармен жүргізу мақсаты деп бағалаймын. Ресей Федерациясы Кеңесінің ТМД елдері жөніндегі комитетінің төрағасы Вадим Густов: «Украина не НАТО ға жақындағысы келеді, не газ мәселесін ұтымды шешіп алуды көздеп отыр» деп ашық мәлімдеді, - дейді немістің Welt газетіне берген сұхбатында Михаил Гончар.

«Тағы да соғыс па? Ресей үшін жаңа мақсат» Осындай тақырыппен бұрынғы америкалық дипломаттар, оның ішінде Американың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Кортни да бар Парижде шығатын International Herald Tribune газетінде мақала жариялаған.

Мақалада Ресей өзінің әлсіздеу көршілеріне аяусыз қадамдар жасауға даяр екендігі, оны өткен жылғы тамыз айында Грузиямен болған соғыс дәлелдей түскені туралы айтылған.
«Оларды тіпті, халықаралық сынға ұшырағаны да, экономиканың құлдырауы да тоқтата алмайтын сияқты»,- деп атап көрсетеді авторлар өз мақаласында.

Ресейдің жоғары лауазымды адамдарының, оның ішінде президент Дмитрий Медведевтің «ұлттың мүддесі барлық қолда бар құралдармен қорғалуы тиіс» дегені мақалада айтылғанындай, «көршілес шағын мемлекеттерге қарсы аяусыз күш көрсетуге даяр екендігін» байқатпақ.

Одан әрі мақала авторлары Грузиядан кейін Ресейдің қаһарына кеңестік кеңістіктің қай мемлекеті ұшырайтынын анықтауға тырысады. Әрине, бұл тізімнің басында тұрған Украина. «Егер Киев Мәскеудің ашуын келтірсе, Ресей әскерлері украинаның Еуропаға шығатын құбырларын қорғауға жіберілуі мүмкін» - деп жазылған басылымда.


Одан басқа да Мәскеудің басты мақсаттары ретінде бірталай ТМД елдері аталады, оның ішінде Қазақстан туралы да айтылған: «Қазақстанда басты табиғат байлықтарын иемденген миллиондаған орыстар тұрады. Ел басшысы Мәскеуді ренжітпеуге тырысып бағуда,бірақ олар өзінің энергетикалық ресурсының біраз бөлігін Оңтүстік Кавказ арқылы шетке шығаруымен Кремлдің жынына тиюде».

Теория жүзінде Әзірбайжанға, Түркменстанға, тіпті Белоруссияға да егер осы елдерде «түрлі-түсті революция» жеңе қалған жағдайда күш көрсетуге себеп табылар еді. Бұл жағдайда Батысқа Ресей көршілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қадамдар жасау қажеттігі туындайды: «АҚШ пен Еуропа Ресеймен көршілес елдердің қорғаныс қабілетін арттырып, аса маңызды инфрақұрылымдарын қорғауға көмек көрсетулері керек. Оның үстіне әңгіме, АҚШ пен НАТО әскерлерінің осы аймақтарда орналасуын күшейту туралы болып отыр.

Тақырыпты Investor's Business Daily басылымы былайша жалғастырады:

Ресей Грузияға қолданған тәсілін Украина интервенциясына қатысты да қолдана салуы мүмкін. Гитлер Судетте қолданғандай,- өзінің қандас бауырларын қолдау мақсатында деуі де мүмкін. Украина құрамына кіретін Қырымда орыс тілділер басым. Грузиядағыдай Ресей де жергілікті этникалық орыстарға төлқұжаттар береді. Осы жартыаралда Ресей Қара теңіз флотының әскери-теңіз базасы орналасқан...

Тамыз айынан бастап Ресей Грузияның сепаратистік пиғылдағы аймақтары – Абхазия мен Орталық Осетияда өз бөлімшелерінің санын арттырды. Ресей әскерлері Тбилисиден 24 миль жерде, Грузия территориясы арқылы өтетін құбырдың маңайына орналастырылған. Сондықтан оны кез-келген уақытта басып алуға болады. Мәскеу мұндай қадамды Украинада орналасқан құбырды украиндердің килігуінен «қорғау», сонымен бірге, әскери-теңіз базасын сақтауды қамтамасыз ету мен Қырымдағы орыстарға қамқорлық жасау мақсатында жоспарлауы мүмкін.

Батыс баспасөздеріндегі мұндай талқылаулардың негізі жоқ емес екенін атап айту керек. Оған Ресей жағының жанжалдарды барынша күшейтіп отыруы негіз болуда. RBC Daily іскер газетінде жарияланған Михаил Черновтың «Газ жанжалы ТМД елдерінің шекараларын қайта қарауға мәжбүрлеуі мүмкін» атты мақаласының редакциялық түсініктемесі осы ойдың жаңа мысалы бола алады».

Автор Украина мен оның Батыстағы жақтастарын «энергетикалық нарықта РФ-ның беделіне аса ауыр нұқсан келтірді», сөйтіп, Орта Азия мен Еуропа елдерін Ресей транзитінің сенімді екендігіне күмәнмен қарауға мәжбүрледі деп кінәлайды..

Түсініктеменің соңы өзінің ымыраға келмейтін ниетін білдіретін ультиматумға келеді: «РФ бұдан былай Украина немесе ТМД-дағы батыстық режим ұстанған басқа да елдердің ұлттық қауіпсіздігімізге төндірген қаупіне жай қарап отыра алмайды. Мәскеу өзінің шекарасына қатысты волюнтаристік және айдап салушылық режимдердің «келісімдік қабілетіне» сене алмайды. Мәскеу өзінің Украина мемлекеттілігінің өмір сүру қабілеттері мәселелеріне қатысты қөзқарасын түбірімен қайта қарамақ және Украинадағы өзін-өзі ұлт ретінде тануға ұмтылған аймақтарға барынша сенім артпақ» деп аяқталған.
XS
SM
MD
LG