Accessibility links

«Ауған қазақтары үйде тек қазақ тілінде әңгімелеседі»


Зияволхақ Абдул Джалил. Алматы, 18 қараша 2016 жыл.
Зияволхақ Абдул Джалил. Алматы, 18 қараша 2016 жыл.

Зияволхақ Абдул Джалил - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқып жүрген ауғанстандық қазақ. Ол Азаттыққа Ауғанстан қазақтарының тұрмыс-тіршілігі туралы айтып берді.

Азаттық: – Ауғанстанда қанша қазақ отбасы бар?

Зияволхақ Абдул Джалил: – Ауғанстанда барлығы 25 отбасы бар (Бұдан көп болуы мүмкін, әрқандай деректерде түрліше көрсетіледі - ред.) Олар Мазари-Шариф, Құндыз, Бағлан және Кабул қалаларында тұрады. Жиын-тойларда бір-бірімен араласып, бас қосады. Қанша дегенмен, өзге елде өмір сүргендіктен, сонда тұратын қазақтар ауған дәстүрін де ұстанады. Бұл тек ауғанша өмір сүреді деген емес. Қазақтың дәстүрі де жойылған жоқ. Мысалы жергілікті қазақтар әзірге ауғандықтарға қыз бермеді, бір-бірімен құдаласады. Ондағы қазақтар кіші жүздің әр руынан. Бір-бірімен аталас емес.

Ауған қазағы - Зияволхақ Абдул Джалил
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық: Ауғанстан қазақтары өздерінің ұлттық ділін, ана тілін қалай сақтап отыр?

Зияволхақ Абдул Джалил: – Қазір Ауғанстан қазақтары сыртқа шыққанда басқа тілде сөйлей береді. Өйткені басқа қазақ жоқ сөйлесетін. Бірақ үйге келгенде тек қазақ тілінде ғана әңгімелеседі. Барлығы отбасында қазақша сөйлеуі керек. Сол себепті онда тұратын қазақтардың барлығы өз тілдерін әлі де ұмытқан жоқ. Мысалы, біз бір үйде 14 адамбыз. Анам мен әкемнен тараған 12 бала тек қазақша сөйлесеміз.

Зияволхақ Абдул Джалилдің сұхбатының үзіндісі:

Зияволхақ Абдул Джалилдің сұхбаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

Азаттық: – Сіз - Ауғанстан үкіметінің қолдауымен Қазақстанға келіп білім алып жатқан қазақсыз. Бұл мүмкіндікке қалай қол жеткіздің?

Зияволхақ Абдул Джалил: – Ауғанстан заңы бойынша университетке түсу үшін тапсырған емтиханда кім жақсы баға алса, олар шетелге оқуға жіберіледі. Қазақстанға оқуға келген қазақ мен ғана емес, менің жанымда бірге туған әпкем бар. Қазір Алматыдағы қазақ ұлттық аграрлық унверситетінің 3-курсында «Су ресурстары» мамандығы бойынша білім алып жатырмыз.

Азаттық: – Оқу бітіргеннен кейін Қазақстанда қалуға мүмкіндік бар ма?

Бірақ мен осында қайтып келгенде оқыған мамандығым бойынша қызметке тұра алам ба? Мүмкін, тұра алмайтын шығармын. Ал Ауғанстанда мен мелекеттік қызметке орналаса аламын.

Зияволхақ Абдул Джалил: – Біз үкімет арқылы келгеннен кейін оқуымызды бітірген соң Ауғанстанға барып жұмыс істеуіміз керек. Қызмет қыламыз. Содан кейін барып Қазақстанға келуге мүмкіндік туады. Бірақ мен осында қайтып келгенде оқыған мамандығым бойынша қызметке тұра алам ба? Мүмкін, тұра алмайтын шығармын. Ал Ауғанстанда мен мелекеттік қызметке орналаса аламын. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көп қазақ Қазақстанға көшіп кетті. Қалған қазақтардың көшпей отыру себебіне келетін болсақ, қазір ондағылардың әлеуметтік жағдайы жақсы. Қалада тұратын қазақтар саудамен айналысады. Ал ауылда тұратын қазақтардың жеке жер шаруашылығы, мал шаруашылығы бар.

Азаттық: – Сонда қазақтар ауылдық жерлерде де отыра ма?

Өзімізге тиесілі жеке жеріміз де, малымыз да бар. Қалада сауда дүкендеріміз бар. Жермен, малмен арнайы адамдар айналысады.

Зияволхақ Абдул Джалил: – Ауыл болғанда қала шетіне жақын орналасқан ғой. Мәселен, менің ата-анам Құндыз қаласының жанында Бескепе деген жерде тұрады. Өзімізге тиесілі жеке жеріміз де, малымыз да бар. Қалада сауда дүкендеріміз бар. Жермен, малмен арнайы адамдар айналысады. Қолымызда көкпардың аттары бар. Ауғанстанда көкпар бұрыннан бар. Бізде атқа мініп, көкпар тарттық. Үйдегі ағаларым да көкпарды жақсы көреді.

Азаттық: – «Бескепе» дейтін атау жергілікті қазақтардың қойған атау ма, әлде бұрыннан бар ма?

Зияволхақ Абдул Джалил: – Бұл атаудың қалай қойылғанын нақты білмеймін. Негізінде менің аталарым Ақтөбе облысының Сағыз деген жерінен кеткен екен. Әуелде Тәжікстанда «Құрған Тепе» деген жерінде біраз уақыт тұрақтаған. Кейін Ауғанстанға қоныс аударған. Сол кезде қойылған болуы да мүмкін. Өйткені қазақтар алғаш шекара кесіп өткен жер «қазақ өткелі» деп аталады.

Азаттық: – Сұхбатыңа рахмет!

XS
SM
MD
LG