Accessibility links

"Назарбаев сыйлаған тұмар Обамаға жеңіс әперді"


"Айқын" газеті вебсайтының скриншоты. 8 қараша 2012 жыл
"Айқын" газеті вебсайтының скриншоты. 8 қараша 2012 жыл
Қарашаның 8-і күні "Айқын" газетінде Төре Ғали есімді автор "Елбасы сыйлаған қазақы тұмар Обамаға жеңіс әперді" деген мақала жариялады.

Автор АҚШ президенті болып қайта сайланған Барак Обаманың жеңісі мен сайлауға қатысты жалпы мәліметтерді келтірген соң, "көріпкелдердің осы сайлауға қатысты айтқан болжамдары айдай келді" деп тұжырым жасайды.

Сосын автор Обаманың жеңіске жетуіне қатысты қосымша "себеп" бар екеніне назар аударады:

"Осы жерде Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ақ үйдің қожайыны Обаманың ағымдағы жылдың наурыз айында ядролық қауіпсіздік бойынша Сеулде өткен жаһандық саммит кезіндегі кездесуі еріксіз еске түседі. Екіжақты кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обамаға алдағы сайлауда қақырата жеңіп шығу үшін қазақы тұмар сыйға тартқан. Елбасы шын көңілімен сыйлаған бойтұмар Обамаға жеңіс әперді".
XS
SM
MD
LG