Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Рүстем мен Мақсат


Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Айтыстың екінші айналымында алматылық Рүстем Қайыртайұлы мен қарағандылық Мақсат Аханов айтысты.

Айтыстың өн бойында бір-бірін жеңіл әзілмен қағытқан қос ақын ауылдың әлеуметтік мәселелеріне қатысты бір ауыз сөз қатпады.

Сөз бастаған Рүстем Қайыртайұлы Семей жерінен шыққан абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхан жайлы айта келіп:

– Ал бүгін атақты жұрт алып жатыр,
Шытындай тойбастардың жыртып алып.
Арыстандар ала алмаған атақтарды,
Оп-оңай олжалауда түлкі барып.
Мақсат Аханов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мақсат Аханов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Қарғаға жапсыратын заман болды-ау,
Қанатын қырандардың қырқып алып, – деп термелетті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына мадақ айтудан Мақсат Аханов та өзіне дейінгі айтысқан ақындардан қалыспады:

– ...Бұл шығысқа кім келіп, кім кетпеген,
Біз кімнің сұрап едік арғы затын.
Бердібек ағамыздың арқасында,
Бұл елге жақсылықтар болды жақын.
Шығысқа келгендерден Сапарбаев,
Сапары сәтті болған жалғыз әкім, – деп өлең арнады қыркүйектің 15-сі күні өткен айтыста.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Рүстем мен Мақсаттың айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:18:52 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG