Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Мақсат пен Қарлығаш


Қарлығаш Әубәкірова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Қарлығаш Әубәкірова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Қарағандылық Мақсат Ақанов пен семейлік Қарлығаш Әубәкірова осы айтыста оныншы жұп болып сахнаға көтерілді.

Екі ақын айтысты қазақы әзілмен өрбітіп, көрермен қауымның көңілінен шыға білді. Айтыстың соңын ала Қарлығаш Әубәкірова ел өмірінің өткен күндерін өлеңмен тізбектеп шықты:

– Қасиетті Қарауыл, себебін айтшы мынаның.
31-дегі зұлматта бұралып аштан құлдың.
37-де ұлт сүю ауыры болды күнәнің.
Ібіліс жеңбес ауырды Сібірде жүріп сынадың.
41– қанды қасапта «Ұлы отан» болды ұраның.
Көмусіз қалды, кебінсіз, жат жерде қанша ұланың.
Ар-иманыңды қалқан ғып, полигонға да шыдадың.
Өзгелер құсап мұнайдың ағызған жоқсың бұлағын.
Қолдағы алтыныңның да қу орыс алды құлағын.
Сөйтсе де қылып шүкірлік, қанағат болды тұмарың.

Ал Мақсат Қазақстанның өзге жұрттардан айырмашылығын, өзі таныған артықшылығын айтты:

– Ұйғырларда әлі күнге астана жоқ,
Мақсат Ақанов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мақсат Ақанов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Алты аласым жоқ шығар, бес бересім.
Шешендер егемендік ала алмай жүр,
Басынан ұстап алып қос кеменің.

...Қырғыздар қырықпышақ болып жатыр,
Солардың ертеңіне сескенемін.
Қиналғанда оларға көмек берген,
Біз сияқты мұсылманды дес көремін.





Мақсат пен Қарлығаштың айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:29 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG