Accessibility links

Ақтөбелік жамағат онлайн дәрісті дұрыстап тыңдай алмайды


"Нұрғасыр" мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы онлайн сабақты тыңдап отыр. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.
"Нұрғасыр" мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы онлайн сабақты тыңдап отыр. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.

ҚМДБ екі айдан бері ел аумағындағы мешіттер мен медреселерге арнап онлайн сабақ өткізіп жатыр. Бірақ Ақтөбедегі ірі мешіт жамағаты ол дәрісті жалғыз ноутбуктен тамашалап отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) онлайн дәрісті ел аумағына Астанадағы «Әзірет сұлтан» мешіті арқылы таратады.

– Қазақстандағы мешіттер мен медреселер ондайн сабақты тыңдау үшін 1.sabak.kz сайтының администраторынан логин мен құпия сөз алады. Сосын аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 16.00-де дәріс тыңдауларына мүмкіндік бар. Ақтөбе облысы бойынша мұндай мүмкіндікке 14 мешіт пен 1 медресе ие, – дейді Ақтөбедегі «Нұрғасыр» мешіті ресми сайтының қызметкері Жеңіс Дүсіпов.

«СЕБЕП – МОНИТОРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ»

12 ақпан, сәрсенбі күнгі онлайн дәрістің тақырыбы «Ақида» болуы керек еді. ҚМДБ-ның алдын ала жасаған жоспарына сай бұл дәрісті Атыраудағы «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре оқуы тиіс болатын. Түскі сағат 4-те басталуы тиіс сабақ 30 минут кешікті. Әрі онлайн сабақты Ерсін Әміре емес, оның әріптесі Ерғали Алпысбаев жүргізді. Әріптесін алмастырған атыраулық имам «Ақида» емес, «Алла Тағалланы ұлықтау» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Алайда сәрсенбі күнгі онлайн дәрісті Ақтөбенің «Нұрғасыр» мешітіне жиналған
"Нұрғасыр" мешіті ресми сайтының администраторы Жеңіс Дүсіпов. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.
"Нұрғасыр" мешіті ресми сайтының администраторы Жеңіс Дүсіпов. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.
жамағат тыңдай алған жоқ. Жеңіс Дүсіповтің айтуынша, «оған басты себеп – мешітте дәрісті көрсететін үлкен монитордың болмауы».

– Соңғы екі ай бойы мешітке жиналған жамағат онлайн сабақты жалғыз ноутбуктен тыңдап келді. Оның дауысы алдыңғы қатардағыларға ғана жетеді. Арт жақтағылар мойындарын созып, түрегеп тұратын. Осындай қолайсыздықтарға бола сәрсенбі күнгі сабақ өтпей қалды. Сондықтан онлайн сабаққа келген 20 шақты адам жергілікті имамдардан діни уағыз тыңдады, – деді «Нұрғасыр» мешіті ресми сайтының қызметкері Жеңіс Дүсіпов.

«ТЕРІС АҒЫМ КҮШТІ, ИНТЕРНЕТ ӘЛСІЗ»

«Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлының айтуынша, Ақтөбе облысындағы аудандық және ауылдық мешіттер де онлайн дәрісті дұрыстап көре алмайды. Дін өкілі оны «аудандарда интернеттің жылдамдығы баяу, тіпті
"Нұрғасыр" мешітіндегі діни дәріске жиналған адамдар. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.
"Нұрғасыр" мешітіндегі діни дәріске жиналған адамдар. Ақтөбе, 12 ақпан 2014 жыл.
Skype арқылы айтқан уағыздарымыз да үнемі үзіліп қала береді» деп түсіндірді.

– Әйтпесе аудан әкімдері жергілікті мешіттерге монитор орнатып, интернетке қосып берген. Елдің алдымен теріс ағым күш алып кеткен Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандарына жағдай жасалды, – дейді «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы.

Қазақстанда «жастарды теріс ағымдардан сақтандыру», бұл іске имамдарды тарту, жаңа технологияларды қолдану шарасы былтыр қазан айының ортасында YouTube-те «Сирияда жүрген қазақ жиһадшылары» туралы видео жарияланған соң жиілеп кетті.

Имамдардың интернет құралдарын үйренуіне билік те белсене араласып жатыр. Қостанайда 2013 жылы қарашада өткен, имамдарға арналған жаңа медиа бойынша тренингті облыстық әкімдік пен «Діни ағымнан зардап шеккендерге көмек орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.

ҚМДБ дерегі бойынша, елде екі жарым мыңға жуық мешіт бар. Қазір облыстық және ірі мешіттердің барлығының ресми сайттары ашылған. Бірақ елде әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатын дін қызметкерлері аз.
XS
SM
MD
LG