Accessibility links

Ақтөбедегі «Алтыншы» түрмеден тағы шу шықты


КА-168/2 түзету мекемесі маңында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесі маңында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деп, қарашаның 8-інен бері түрме маңын торуылдап жүр. Ал департамент бұл хабарды «арандату» деп атайды.

Ақтөбедегі жұрт «Алтыншы» деп атап кеткен, КА-168/2 жалпы тәртіптегі түзету мекемесі маңында қонып жүргендердің бірі – Шолпан Боранбаева. Ол «алтыншы абақтыдағыларды өлімші етіп сабап жатыр» деген хабарды естіп, Ақтөбеге қарашаның 9-ы күні Қызылорда облысынан бес адам болып келгендерін айтты.

– Менің ұлым Ақылбек Орынбасаров осы «Алтыншы» түрмеде жазасын өтеп жатыр. Баламның тірі екендігіне көз жеткізгім келіп, қанша жалынсам да қарашаның 9-ы күні мені ешкім де қақпадан әрі өткізген жоқ. Тек араға бір күн салып барып, ұлыммен жолықтым. Баламды көріп, жылап жібердім. Бет-аузы добалдай болып ісіп кеткен. Екі көзі қанталап тұр. Қасындағы жолдастарының бірі ақсаңдап қалыпты. Енді бірі қолын таңып алған. Үсті-бастары көк ала қойдай, – дейді Арал қаласынан келген Шолпан Боранбаева.

Ол баласының «Сені кім ұрды?» деген сауалға «ОМОН-дар (арнайы жасақ –
Баласының жайына алаңдап жүрген аралдық әйел Шолпан Боранбаева. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
Баласының жайына алаңдап жүрген аралдық әйел Шолпан Боранбаева. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
ред.) ұрды» деп жауап бергенін айтады.

«ТҮРМЕГЕ ӘСКЕР КІРГІЗГЕН»

Қарашаның 11-і күні түс кезінде КА-168/2 жалпы тәртіптегі түзету мекемесі маңында көбі Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарынан келген 50 шақты адам торуылдап жүрді.

– Біз түрмеде тәртіп болғандығына қарсы емеспіз, күштік құрылымдардың асыра сілтеп жіберетіндігіне наразымыз. Әрі жақындарымыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Іштен хабарласқан жігіттердің бірі баракта адам тістері шашылып жатқандығын айтты. Туыстарымен кездесіп шыққандардың сөздері де адамды шошытады. Түрменің аумағына қайта-қайта жедел жәрдем көлігінің кіріп-шығып жатқанын да көзіміз көріп тұр. Естуімізше, қарашаның 8-і күні таңғы 4-те түрмеге әскер кіргізген, – дейді Диляра есімді келіншек.

Ақтөбеге қарашаның 8-і күні Хромтау ауданынан жеткен Диляраның айтуынша, КА-168/2 түзету мекемесінде оның күйеуі мен қайын інісі жазасын өтеп жатыр.

Түрме маңында топтасып жүрген, есімдерін айтпаған жас жігіттер сенбі күні
КА-168/2 түзету мекемесін торуылдап жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесін торуылдап жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
​ терезесі абақтының ауласына қарайтын бес қабатты үйдің шатырына шығып, түрме ауласында не болғанын көргендерін айтты.

– Балдарды (абақтыда жазасын өтеушілерді айтады – ред.) күні бойы қолдарын желкесіне қойып, жүрелетіп жүргізіп қойды, – дейді шатырға шыққанын айтқан жас жігіттердің бірі.

Екінші жігіт «сотталушылардың басында целлофан қап болғанын байқағанын» айтты.

«БҰЛ – ЖОСПАРЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА»

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департамент басшысының орынбасары Мирболат Көпесов дүйсенбі күні брифинг өткізіп, КА 168/2 түзету мекемесіндегі жағдайға түсініктеме берді.

– Бар қиындық сырттағы бір топ жігіттің ата-аналарды арандатып, жұртты дүрліктіруінен туындап отыр. Әйтпесе бұл – ел аумағындағы түзету мекемелерінің барлығында тоқсан сайын жүргізіліп тұратын жоспарлы
КА-168/2 түзету мекемесін күзетіп тұрған қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесін күзетіп тұрған қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
​ профилактикалық шара. Өткен аптаның соңында КА-168/2 түзету мекемесінде тексеру жүргізіп, 60 ұялы телефон мен оның 50 шақты аксессуарын жинадық. Өткен жұмадан бері абақты күшейтілген режиммен жұмыс жасап жатыр, – деді Мирболат Көпесов.

Мирболат Көпесов түрмедегілердің туыстары айтқан, «абақтыда жарақат алғандар бар» деген мәселеге қатысты сауалға жауап бермей қойды. «Түрмеге жедел жәрдем көлігі кіріп шықты» деген сөзге қатысты сауалға – «оны 103-тен (жедел жәрдем қызметінен – ред.) сұраңыздар» деп, «түрмедегі ОМОН» жайлы сауалға – «оны полициядан сұрап біліңіздер» деп жауап берді.

Азаттық тілшісі түрмеге жедел жәрдем көлігі барған-бармағанын білу үшін осы қызметке хабарласты.

– Бізге түрмеден демалыс күндері шақырту түскен жоқ. УИС-тің (қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің – ред.) өз медиктері бар. Бізде ондай ақпарат жоқ, – деп жауап берді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниетәлиева.

Ал Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин «полиция өз міндетін - түрменің сыртындағы қоғамдық қауіпсіздікті ғана қамтамасыз еткенін» айтты.

– Өйткені түзету мекемесінің іргесінде тұрғын үйлер бар. Қақпадан әрі өткеніміз жоқ. Сондықтан түрмедегі жарақат алғандар мен олардың саны туралы ақпараттың да бізге түк қатысы жоқ, – деді Ақтөбе облыстық ІІД өкілі.

Ақтөбедегі КА 168/2 түзету мекемесі алдында бұдан бір жарым жылдай уақыт бұрын, 2012 жылы 1 маусымда да осындай оқиға болған еді. Ол кезде де
КА-168/2 түзету мекемесі алдында тұрған адамдар. Ақтөбе, 19 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
КА-168/2 түзету мекемесі алдында тұрған адамдар. Ақтөбе, 19 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
«түрмеге әскер кіргізеді» деген хабар тарап, тұтқындардың жүзге тарта туыс-туғаны мекеме алдында түнеп шыққан. Бірақ түрме басшылығы абақтыға әскер кіргізілмегенін айтқан.

Оған дейін, 2012 жылы 5 сәуірде бұл түрменің бастығы Александр Баталов пен оның орынбасары Еділ Егізеков төрт жылға сотталған. Судья оларға «лауазымдық қызметі мен билігін асыра пайдаланды» деген айып бойынша үкім шығарған.

Тергеу материалдарына қарағанда, 168/2 түрмесінде жазасын өтеушілер өзара «жасылдар» (намаз оқитындар) мен «қаралар» (намаз оқымайтындар) болып бөлінеді. 2011 жылы жазда түрмеде ауыр дене жарақатына соқтырған төбелес болып, «қаралар» «жасылдарды» соққыға жыққан. Тергеу «бұл төбелес түрме басшыларының тапсырмасымен болған» деп айып таққан.
XS
SM
MD
LG