Accessibility links

Ақтөбедегі шабуылға қатысты айыпталғандар сотталды

Ақтөбеде биылғы 5 маусымдағы қарулы шабуылға қатысты айыпталған 29 адамға сот үкімі шықты.

Сот жеті айыпталушыға - Жаңабай Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Әрсен Таңатаров, Асхат Рахметов, Әнуар Садықов, Асхат Иманғалиев және Бақыт Қуанышбаевқа өмір бойы бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын кесті. Азамат Әбдірахманов - 20 жылға, Айдос Жұбанов 22 жылға сотталды. Олардың барлығына бірнеше бап, оның ішінде "қарулы қарақшылық, екі немесе одан да көп адам өлтіру", "теракт жасау" баптары бойынша айыптар тағылған.

19 сотталушыға түрлі мерзімде жаза (оның ішінде "қылмысты хабарламады" деп айыпталған жеті адам - бес жылға, жеті адам - төрт жылға, үш адам - үш жылға, бір адам - екі жылға сотталды) кесілді.

Ал "қылмысты жасырды" деп айыпталған М.Ердауовқа - төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы, Ү.Өтеповке - төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Ақтөбе, 28 қараша 2016 жыл.
Түгел оқыңыз

Тағы

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG