Accessibility links

Алматыдағы өрт әлеуметтік желіде көп жазылды


Алматыдағы өрт
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00
Жүктеп алу

Өрт болған жерден Азаттық тілшісі түсірген видео. Алматы, 27 маусым 2013 жыл.

Маусымның 27-сі күні Алматының орталығында жанармай таситын көлік апатынан шыққан өрт салдарынан бір адам қаза болып, бірнеше көлік пен көпқабатты үйді от шалған. Жұртшылық бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерден хабардар болды.

Бейсенбі күні Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Қабанбай көшелерінің қиылысы маңында болған өрт салдарынан осы оқиғаға себеп болған жанармай таситын көліктің жүргізушісі қаза болған. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің өкілі хабарлады.

Өрттен жарақат алғандар туралы әзірге нақты деректер жоқ.

Оқиғаға куә болғандардың Азаттық тілшісіне айтуынша, көшеде келе жатқан жанармай таситын көлік әуелі жол шетіне шығып кетіп, аударылған. Жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған. Бұдан соң көліктен жанармай ағып, ол бірден тұтанған. Жақын маңда тұрған он шақты жеңіл көлікке де жанармай тиіп, өртенген.

Бейсенбі күні таңертең Алматының орталығында үлкен өрт шыққаны туралы суыт хабарды жұртшылық алдымен әлеуметтік желілерден оқып білді. Оқиға куәгерлерінің жазбаларына қоса апат болған жерден түсірген фотосуреттер мен видеолар көпшілікке лезде тарады.




Аударылған көлік үлкен өртке себеп болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00








Пікірлерді көріңіз (6)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG