Алматыдағы Республика алаңында Наурыз мерекесіне арналып киіз үйлер тігіліп, уақытша сахна құрылып жатыр. Мейрамға байланысты алаңның уақытша жабылғаны көлік қозғалысына да әсер етті.
Наурызға дайындық

1
Наурыз мерекесіне арнап Алматы әкімшілігі ғимаратының алдына тігіліп жатқан киіз үй.

2
Республика алаңына тігілген киіз үйлер.

3
Жұмысшылар Наурыз мерекесі өтетін алаңға уақытша сахна құрып жатыр.

4
Наурыз мерекесіне орай көше бойына жалаулар ілінді.

5
Панфилов пен Қабанбай көшесінің қиылысына Наурыз мерекесімен құттықтаған билборд іліп жатқан жұмысшылар.

6
Жұмысшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткішті Наурыз мейрамы қарсаңында жуып жатыр.

7
Наурыз мейрамына дайындық кезінде көліктердің жүруіне тыйым салынған бос алаңда велосипедпен келе жатқан адам.

8
Наурыз мерекесіне арналған шара өтетін Республика алаңы жабылғандықтан Сәтпаев пен Желтоқсан көшелері көлікке толып қалды.

10
Көлік кептелісі кесірінен аялдамаға жете алмаған кейбір автобустар жолаушыларды жол ортасына түсіріп жатыр.