Accessibility links

Аяз Аталар шеруі

Аяз Ата болып киінген екі мыңға жуық адам 27 желтоқсан күні Алматы көшелерімен жүріп өтіп, жол-жөнекей кезіккен тұрғындар мен қала қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аяз Аталар шеруі күндізгі сағат 12-де Абай даңғылы бойындағы мемлекеттік цирк ғимараты жанынан басталды. Бұл шеруге әркім қатысуға мүмкіндік алды, олар Аяз Ата киімін өздерімен бірге ала келді, ал ондай киімі жоқтарға Аяз Ата костюмі осы жерде берілді.

XS
SM
MD
LG