Accessibility links

«Правдивая газета» әлі шықпай жатыр


Алматы қалалық сотының судьясы Қанат Молдашев "Правдивая газетаны" көріп отыр. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.
Алматы қалалық сотының судьясы Қанат Молдашев "Правдивая газетаны" көріп отыр. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.

Апелляциялық алқа оппозициялық «Правдивая газета» басылымының қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Газет өкілінің айтуынша, бұл шешімнің саяси астары бар.

22 тамыз күні Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы «Правдивая газета» басылымына қатысты шешім шығарды. Алқа қалалық әкімшіліктің газетті үш ай мерзімге тоқтату туралы шешіміне қатысты шағым берген газет қожайыны – жеке кәсіпкер Әлия Исмағұлованың талабын қанағаттандырмады.

Газеттің өкілі, құқық қорғаушы Розлана Таукина «газетті тоқтату туралы шешімге қатысты енді бұдан жоғары деңгейдегі сотқа шағымданамыз» деп мәлімдеді.

ҚЫРАҒЫ ОҚЫРМАН

Жергілікті газет сыншысы Андрей Свиридов «либералдық бағыттағы басылым» деп сипаттаған, аптасына бір рет шығатын «Правдивая газета» қоғамдық-саяси газеті алғашқы санынан бастап түрлі кедергілерге тап болып келеді. Бұл жайында Азаттық бірнеше рет жазған.

Биыл сәуірде Алматы әкімдігінің ішкі саясат департаменті «басылымның шығу мерзімділігі туралы ақпарат жоқ» деген уәжбен «Правдивая газетаның» алғашқы санының бүкіл тиражын тартып алды.

Тамыздың 7-сі күні қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Правдивая газета» басылымын шығаруды үш ай мерзімге тоқтату туралы
Прокурор Алмаз Демесін. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.
Прокурор Алмаз Демесін. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.
шешім қабылдады. Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы «Шығу деректерін жариялау тәртібін бұзу» бабы бойынша әкімшілік заң бұзушылыққа барды» деген уәжбен газетті сотқа берді. Олар газеттің басылым таралымы туралы мәліметте көрсетілген 8 мың дананың орнына баспахана 7 мың дана газет басқанын айтқан.

Әкімдіктің ішкі саясат басқармасының өкілі Қорлан Құрманбекованың сот отырысында берген түсінігі бойынша, Алматы қаласының Қанат Байжанов деген әлдебір тұрғыны қала киоскілерінен «Правдивая газета» басылымын таппай, «газет көрсетілген тираждан аз басылып шыққан» деген ұйғарым жасап, Алматы әкімінің блогына жазған. Бұл шағымға назар аударған әкімдік газетке қатысты тексеру жүргізіп, әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Алматы қалалық сотының аппеляциялық алқасының судьясы Қанат Молдашев Розлана Таукина келтірген дәйектер мен прокурор Алмас Демесіновтің қарсы уәждерін тыңдап, әкімшілік соттың «Правдивая газета» басылымы қызметін тоқтату туралы шешімін заңды күшінде қалдырды.

ӘБЛЯЗОВ ПЕН НҰРҚАДІЛОВТІҢ КІТАБЫ

«Правдивая газета» редакция алқасының мүшесі, «Журналисты в беде» құқық қорғау ұйымының жетекшісі әрі басылым атынан апелляциялық сотқа қатысқан Розлана Таукина басылымды тоқтатуға негіз болған заңдық дәйектерді «жалаң уәждер» деп атады.

Розлана Таукинаның Азаттық тілшісіне айтуынша, «Правдивая газета» басылым таралымы туралы мәліметтерді жариялауда кеткен қате үшін емес, саяси
Розлана Таукина, "Правдивая газетаның" редколлегия мүшесі. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.
Розлана Таукина, "Правдивая газетаның" редколлегия мүшесі. Алматы, 22 тамыз 2013 жыл.
себептермен қуғындалып отыр. Бұл басылымның мақалалары көбінесе әлеуметтік тақырыптарға арналған. Оның айтуынша, газетті қуғындауға «басылымды қуғындағы саясаткер және олигарх Мұхтар Әблязов қаржыландырады, газет оның саяси тапсырысын орындайды екен» деген қауесет себеп болуы мүмкін.

– «Правдивая газета» басылымының Мұхтар Әблязовке ешқандай қатысы жоқ. Газетте Әблязов туралы өзіміздің мақалалар жарияланбайды. Ол туралы мақалаларды басқа басылымдардан көшіріп басамыз. Неліктен басқаларға көшіріп басуға болады да, бізге болмайды? – дейді Розлана Таукина.

Оның айтуынша, «биліктің «Правдивая газетаны» қудалауының тағы бір себебі – кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең мықты қарсыласы әрі сыншысы болған, 2005 жылдың қараша айында жұмбақ жағдайда қаза тапқан Заманбек Нұрқаділовтің кітабының тарауларын жариялау болуы мүмкін».
Біз газеттің әр санында Заманбек Нұрқаділовтің кітабының тарауларын жариялаймыз... Айтпақшы, «Правдивая газета» редакциясы Нұрқаділовтің кітабын баспадан шығаруға дайындап жатыр.
Розлана Таукина

– Біз газеттің әр санында оның «Заманбек Нұрқаділовтің соңғы шындығы» деген кітабының тарауларын жариялаймыз. Оның кітаптарын эксклюзивті жариялау құқығы «Правдивая газета» басылымына берілген. Бәлкім, билік оның кітабының барған сайын ащы болып бара жатқан жалғасы жариялануынан қорқатын шығар. Айтпақшы, «Правдивая газета» редакциясы Нұрқаділовтің кітабын баспадан шығаруға дайындап жатыр, – дейді Розлана Таукина.

Мұндай уәждерді мойындамаған биліктің айтуынша, газет саясатқа қатысы жоқ нақты әкімшілік себептер бойынша тоқтатылды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан үкіметін сөз еркіндігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қамтамасыз етуге шақырды.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG