Accessibility links

Тарихи ескерткіш «адам танымастай» жаңарды


Мемлекеттік қуыршақ театрының реконструкциядан кейінгі қалпы. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.
Мемлекеттік қуыршақ театрының реконструкциядан кейінгі қалпы. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры жаңа маусымды толық жаңартылған ғимаратта бастамақ. Сәулетшілердің айтуынша, тарихи ғимараттың сырты адам танымастай өзгеріп кеткен.

Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы жаңа маусымды бірнеше премьерамен ашпақ. Келешекте қуыршақ театрын балалар орталығына айналдырып, жастардың театр студиясын, жас драматургтар клубын ашу жоспарланған.

Биылғы маусымнан бастап театрда жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалыпты. Толық жаңартылған театрға кіші сахна қосылған. Театр ғимаратының ішкі интерьері де, сыртты да тұтастай жаңартылған. Әсіресе сыртынан қарағанда ескі ғимаратты бұзып тастап, жаңасын салғандай әсер қалдырады.

Азаттық тілшісі жергілікті маңызы бар ескерткіштердің мемлекеттік тізіміндегі реттік нөмірі 22-ғимараттың (шамамен 1909 жылы салынған бұрынғы Қоғамдық жиналыс үйінің архитекторы белгісіз) сырт келбеті неліктен мұншалықты адам танымастай өзгергенін білуге тырысты.

ӘКІМДІКТІҢ БАСТАМАСЫ

Алматы әкімдігі мәдениет басқарамасының ескерткіштерді қорғау жөніндегі маманы Данияр Әлиевтің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, ғимаратты қайта жаңарту жұмыстары 2011 жылы басталған. Басқарма ұйғарымынан Данияр Әлиев оқып берген үзіндіге қарағанда, ғимаратты жаңартып, ішін қайта бөлу идеясы Алматыда тұңғыш халықаралық қуыршақтар карнавалы өткен кезде туған. Театрдың іші, әсіресе көрермендер залы жөндеуді қажет ететінін театр қойылымдарына бұрыннан барып жүрген қалалықтар біледі.

Бұдан кейін тиісті мекемелер театрдың сейсмикалық жағдайын бағалап, қорытынды жасады. 2011 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-
Театр фойесінің реконструкциядан кейінгі қалпы. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.
Театр фойесінің реконструкциядан кейінгі қалпы. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.
эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институтының, 2012 жылы «Казреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйғарымы шықты. Алматы әкімдігінің меншігі болғандықтан, қуыршақ театры ғимаратының жағдайын бағалау жөніндегі тапсырысты екі мекемеге де қала әкімдігі берді.

– Бұл ұйғарымдарда «1909 жылы тұрғызылған ғимараттың қабырғалары өте ескі. 1930-1980 жылдары негізгі ғимаратқа жапсарлас бөлмелер қосылған. Ғимарттың астыңғы жағына салынған Тянь-Шань шыршасының бөренелері шіріп, үгіндіге айналған. Ғимаратты қалпына келтіруге болады» деп жазылған, – дейді Данияр Әлиев.

Өткен жылдың ортасында жабылған қуыршақ театрының реконструкциясы биыл қыркүйек айының басына қарай аяқталды. «Ғимарат енді ескерткіштер тізімінен шығарыла ма?» деген сұраққа Данияр Әлиев «жоқ» деп жауап берді.

«Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» заң тарих және мәдениет ескерткіштерін өзгертуге тыйым салады. Алматыдағы жергілікті
Театрдың реконструкцияға дейінгі қалпы. Алматы, 26 шілде 2009 жыл.
Театрдың реконструкцияға дейінгі қалпы. Алматы, 26 шілде 2009 жыл.
маңызы бар 22-нөмірлі ескерткіш осы заңмен қорғалады. Заңның 38-бабында «Тарих және мәдениет ескерткішінің 70 пайыздан көп бөлігі зақымданса немесе тарихи-мәдени құндылығы жоғалса не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болса ғана өзгертуге болады...» деп жазылған.

СӘУЛЕТШІЛЕРДІҢ ПІКІРІ

Қуыршақ театры ғимаратының келбетін өзгерту Алматыдағы мәдени және тарихи маңызы бар ғимарттар бұзылған өткен жылдарды еске түсіреді. Мысалы, Қарағай бағының түбіндегі оқушылар үйі, Абылайхан даңғылы мен Байсейітова, Шевченко, Құрманғазы көшелері бойындағы үйлер бес-алты жыл бұрын орнында болатын. Кейін қуыршақ театры ғимаратын өзгерткен сияқты оларды да «тозды, сейсмикалық деңгейі төмен» деген желеумен бұзып тастаған. Ол кезде бір топ сәулетші «үйлер көнерген, тозып кетті» деген уәждерге сенбей, әлгі ғимараттарды бұзудан қорғап қалуға тырысқан.

Сол сәулетшілердің бірі – Сергей Мартемьянов. Азаттық тілшісі қуыршақ театрына қатысты жағдай жөніндегі пікірін білмек болып, оған «Конструкциясының ескіруі ғимараттың тарихи келбетін сақтап қалуға кедергі бола ма?» деген сұрақ қойды.

– Егер Петербургтегі Нева проспектісін пайда көзіне айналдырғысы келсе, оны толық бұзар еді. Батпақты жерге салғандықтан, ол тұтастай қада-тіреуіште тұр ғой. Ондағы сарайлар мен қымбат үйлер, театрлар Совет одағы мен қазіргі
Сәулетші Сергей Мартемьянов. Алматы, 16 ақпан 2010 жыл.
Сәулетші Сергей Мартемьянов. Алматы, 16 ақпан 2010 жыл.
Ресейдің құрылыс нормаларының талабына сәйкес келмейді. Мына қарқынмен Алматының бүкіл тарихи бөлігін «сейсмикасы нашар» деген желеумен бес минутта қиратып тастауға болады, – дейді Сергей Мартемьянов.

Қуыршақ театрының бұрынғы және бүгінгі түріне кәсіби тұрғыдан сипаттама бере алатын сәулетшіні табу оңайға түспеді. Көбі театрдың жаңа келбетін әлі көріп үлгермепті. Ақыры «қызметіме кесірі тиеді» деген қауіппен аты-жөнін көрсетпеуді өтінген бір маман табылды.

– Ескі ғимарат шағын болғандықтан, орналасқан жердің аумағына да сай үйлесіп тұратын. Ал жаңадан пайда болған «құбыжыққа» мына жер тым тарлық етеді. Театр көлік ағылып жатқан жолға шығып кеткендей әсер қалдырады. Тарихи ғимаратты әлеміш ету онсыз да таза тарихынан ештеңе қалмаған қала тарихын мазақ ету емес пе?! Ағаш үйшіктің макеті мен әйнек қабырғаларды бір образға
Қуыршақ театрының фасады. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.
Қуыршақ театрының фасады. Алматы, 24 шілде 2013 жыл.
тоғыстыруды кім жобалап, кім ойлап тапқанын білмеймін. Әйтеуір бірі құрау, бірі жамау, қырық құрақ бірдеңе болып шыққан, қысқасы – фальшфасад, – дейді ол.

Аты-жөнін атамауды жөн көрген сарапшының пікірінше, тікелей кәсіби міндеті болғандықтан, сәулетшілер одағы, қала салушылар одағы, әкімдік жанындағы қала салу кеңесі мұндай сорақылыққа жол бермей, кезінде дабыл қағуы тиіс болатын. Бірақ кәсіби мамандар үндемей қалған.

Сәулетші Сергей Мартемьяновтың айтуынша, кезінде Алматының орталығындағы тарихи ғимараттарды бұзу жобасына қарсы шыққан сәулетшілерді қолдаған қалалықтар аз болыпты. Алматылықтардың азаматтық белсенділігі өте төмен екенін айтқан Сергей Мартемьянов Мәскеудегі «Архитектуралық қадағалау» қоғамдық қозғалысын мысалға келтірді.
XS
SM
MD
LG