Accessibility links

Тұздыбастау ауылындағы өрт салдары

Шілденің 27-і күні қас қарайған шақта Алматы облысы Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында бірнеше тұрғын жай өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, өрт салдарынан қамыстан құрастырылған екі тұрғын үй мен саманнан тұрғызылған уақытша баспана жанып кеткен. Алматыны қала маңындағы елдімекендермен байланыстыратын тас жолда көліктің көптігінен өрт сөндіретін арнайы техниканың оқиға орнына жетуі қиындық туғызған.

16x9 Image

Қасым АМАНЖОЛ

Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG