24 жыл бұрын желтоқсанның 17-18-і күндері қазақ жастары Алматыдағы алаңға наразылық танытуға шыққанда олардың арасында сол кездегі Халық шаруашылығы институтының 3-ші курс студенті, бүгінде парламент депутаты Нұртай Сабилянов та болған.
Азаттық радиосына берген сұқбатында Сабилянов алаңға шыққандағы мақсатымыз - ұлттық намысты қорғау болғанын, жастар талап-тілегін айтып, бейбіт шеруге шыққанда күш құрылымдары оларды арандатуға тырысқанын айтады.
Кейіннен Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен оны бастағандар жаппай қудаланғаны белгілі.
Нұртай Сабиляновтың Азаттыққа арнайы берген сұқбатының толық аудиожазбасын тыңдаңыздар.
Пікірлерді көріңіз (50)
Қалған комменттер