Азаттық 9 - 15 желтоқсан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Апта бейнелері: 9 - 15 желтоқсан

2
10 желтоқсанда парламенттің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде сөйлеген Дариға Назарбаева мүгедек балалар ата-аналарын «кеміс» («урод») деп атады. Бұны ол «жастарға ерте жыныстық қатынасқа түсу салдарын көрсету үшін» айтқан. Назарбаева «балаларды жетімдер үйіне, мүгедек балалар интернаттарына апарып тұру керек. Кемістердің балаларын көрсін!» деген. Назарбаеваның сөзі интернетте жұртты тіксінтті.
14 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариға Назарбаеваны екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Оған орден «мемлекеттік және қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар достығы пен ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» берілген.

4
Белгілі қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедьяров 12 желтоқсанда, Орал қаласы әкімдігінің алдындағы алаңға шығып, жалғыз пикет өткізді. Ол қолына "Президент пен памперсті тұрақты түрде ауыстырып тұру керек" деген жазу көтеріп шыққан. Полицейлер оны сол жерде тұтқындады.
Лұқпан Ахмедьяровті жарты сағаттан кейін босатқан. Полицейлер одан түсініктеме жаздырып алған.

5
12 желтоқсанда Францияның қоғамдық прокуроры осы елде қамауда жатқан Қазақстанның оппозициялық олигархы Мұхтар Әблязовты Украинаға экстрадициялауға шақырды. Айыптаушы ретінде сөйлеген прокурор Соланж Легра Әблязовты "диссиденттен гөрі ірі қылмыскер ретінде тану керектігін" айтты.
Мұхтар Аблязов сотта "Қазақстан билігі маған "алаяқтық жасады" деген жалған айып тағып отыр. Бұл істердің саяси астары бар" деп мәлімдеген.
Франция апелляциялық соты Аблязов ісін екі өтініш - Украина және Ресейдің сұрауы бойынша қарастырып жатыр. Сот бірінші кезекте Украина арызын қарауға кіріскен.

6
12 желтоқсанда президент жанындағы рақымшылық жасау туралы комиссия бұрынғы шекарашы, қасақана адам өлтірді деген айыппен өмір бойы қамауда отыру жазасы кесілген Владислав Челахқа рақымшылық жасау мәселесін қарастырды. Комиссия Челахтың үкімі сол күйі қалдырды. Рақымшылық жасау комиссиясы оның «тым аз уақыт қамауда отырғанын» уәж қылды.
2012 жылы 30 мамырда өртеніп кеткен Арқанкерген шекара бекетінен 14 шекарашы мен 1 қорықшы – 15 адамның мәйіті табылды. Тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, ол 2012 жылы желтоқсан айында сот үкімі бойынша өмір бойы түрме жазасына кесілген.

7
13 желтоқсанда Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның немере ағасы Чан Сон Тхэк "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін" өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдегі екінші ықпалды адам саналған, қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары болған Чан Сон Тхэкке өлім жазасын әскери трибунал шығарған.
Апта басында Чан Сон Тхэк барлық қызметі мен атақ-дәрежесінен айырылып, «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа ұрынған, шетелге емделуге барғанда әйелдермен сөлекет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған» деп айыпталған еді.
Чан Сон Тхэк - Ким Чен Ынге әкесі өлгеннен кейін билікті қолға алуына көп көмектескен адам.

8
12 желтоқсанда Алматыда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы "Елбасы жолы" атты үш сағаттық киноэпопеяның тұсауы кесілді. Киноэпопеяның екі фильмі де («Отты өзен» және «Теміртау») – 2011 жылы шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы.
Фильм сценарийін жазушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» деген кітаптарын және Қазақстан президентінің әріптестері, достары мен замандастарының естеліктерін пайдаланған.

9
Жұртқа «Софроний әкей» деген атпен белгілі Петр Евтихеев 14 желтоқсанға қараған түні Қазақстаннан кетті. Қазақстандағы орыс православ шіркеуі «Ресейге ауыстырылды» деп мәлімдеді.
Софроний желтоқсанның 11-іне дейін Свято-Сергиевский ғибадатханасын, жұрт оның есімімен атап кеткен балаларды паналату мекемесі мен қарттар үйін де басқарып келді.
«Софроний әкей» Қазақстаннан кеткенше ол негізін қалаған паналату орнына байланысты бірнеше мәрте шу шықты. Бұл істер оның Ресейге кетуімен аяқталды. Алматы облысы билігі паналату орнымен соттасып жатыр.

10
14 желтоқсанда Маңғыстаудағы Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп, қатым түсірілді. Жаңаөзен қаласынан 12 шақырым жердегі Теңге ауылындағы асқа 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзенде құрбан болғандардың туған-туыстары, оқиғадан зардап шеккендер, «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны жұмысшылары, Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов пен «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының бас директоры Мақсат Ибағаров, сонымен бірге осы шараға Ақтаудан, Алматыдан, Оралдан арнайы келген қоғам өкілдері қатысты.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полицияның қолынан 16 адам қаза тапқан еді. Ертеңінде жаңаөзендіктерді қолдап осы облыстағы Шетпе стансасының тұрғындары темір жолды бөгемек болған. Шетпедегі толқу кезінде тағы бір адам оққа ұшқан.

11
ОАР 15 желтоқсанда елдің бұрынғы президенті Нельсон Манделаны жер қойнына тапсырады. Ол өзі туған Куну ауылына жерленеді.
Марқұммен қоштасу шаралары он күнге созылды. Осы күндер бұл елде ұлттық аза тұту жарияланды. Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы қара президенті, апартеидке қарсы күрескен Нобель сыйлығының иегері 2013 жылы 5 желтоқсанда, 95 жасында қайтыс болды.