Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ЖАЛПЫ АРХИВ
Апта бейнелері: 30 желтоқсан - 4 қаңтар
5 қаңтар 2014 жыл, 12:33
Азаттық 30 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
30 желтоқсан күні Волгоградта
троллейбус жарылды
. Одан 14 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды. Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, троллейбустағы жарылысты жанкешті жасаған. Жарылысты жасаған адамның денесі генетикалық сараптамаға жіберілген. Жарылыс таңертең адам қарасы молайған уақытта болған. Жарылыстың күштілігінен троллейбус түгелдей қирап, айналадағы үйлердің терезелері сынған. Ал 29 желтоқсан күні Волгоград қаласының
теміржол вокзалында жарылыс болған
еді. Екі терактіден жиыны 30-дан астам адам опат болды.
2
30 желтоқсан күні ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің басшысы Изабел Сантуш Мадридте (Испания) қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовтің бұрынғы оққағары Александр Павловпен кездесті. Сантуш Павловтың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп, "ол Қазақстанға экстрадицияланса, мойындату кезінде фундаменталдық құқықтары бұзылуы мүмкін" деп
мәлімдеді
.
Мұхтар Әблязовтің бұрынғы оққағары Александр Павлов биыл сәуір айында Қазақстанның сұрауы бойынша Интерпол санкциясымен Испанияда ұсталды. Қазақстан билігі оған "қаржылық алаяқтық" және "терроризм" бойынша айыптар таққан. Оны экстрадициялау туралы соңғы шешімді Испания министрлер кеңесі шығарады.
3
Желтоқсанның 30-ы күні Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әскери сот судьясы Ербол Ахметжанов «жемқорлыққа жол берді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптармен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі «Батыс» басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясов пен оның қарамағында істеген үш қызметкерге үкім шығарды. Үкім бойынша Ілиясов жылға
сотталды
.
Шекара әскерлері басқармасында қызмет істеген Әбдіразақ Ілиясов – сотталған алғашқы ҰҚК генералы.
4
Осы апта Қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың экс-адвокаты, Мәскеуде ұсталған Елена Тищенко экономикалық амнистияға ілігіп, қамаудан
босап шықты
. БТА-банк Тищенкоға байланысты берген талабын ("Әблязовтың Қазақстаннан заңсыз шығарған 3,3 миллиард АҚШ долларын жымқырды") 30 желтоқсанда қайтарып алған.
Украина азаматы, Францияда тұруға рұқсат алған 37 жастағы адвокат Елена Тищенко 2013 жылы 31 тамызда шетелден Мәскеуге ұшып келген бойда ұсталып, екі айға қамалған еді. Тергеушілер Тищенконы "Мәскеуде Әблязовтың қылмыстық жолмен иемденген мүліктерін заңдастырумен айналысқан" деп айыптаған.
5
30 желтоқсан күні Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында полиция "террорлық шабуыл" кезінде сегіз адамды
атып өлтірді
. Оқиға Шыңжаңның оңтүстігіндегі Қашғар қаласына жақын Яркенд кентінде болған.
Қытай билігі Шыңжаң аймағында болған кейбір шабуылдарды исламшыл қарулы топтардан көреді.
Қытайдың Шыңжаң аймағының байырғы тұрғындары – этникалық ұйғырлар. Ұйғыр өкілдері көптеген жылдар бойы Пекин саясатына қарсылық танытып келеді. Бұл жылы да Пекинде бір инцидент, провинцияда бірнеше қарулы қақтығыстар болды.
6
31 желтоқсан күні Израиль АҚШ ұсынған "Таяу Шығыста бейбітшілік орнату келісімдерін" қолдау мақсатында бүгін
палестиналық 26 тұтқынды босатты
. Израиль түрмеде отырған 106 палестиналықты төрт кезеңге бөліп, біртіндеп шығарып жатыр. Тұтқындардың алғашқы екі легі тамыз және қазан айында босатылған. Босатылған тұтқындарға "израильдіктерді өлтірді" деген айып тағылып, 19 және 28 жыл мерзімдерге сотталған.
Палестиналықтардың босатылуы Израильде қарсылықтар тудырды.
Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауы, Газа секторы мен Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алған 1967 жылғы соғыстан бері мыңдаған палестиналық Израиль түрмелерінде отыр. Олардың көпшілігіне "кісі өлтірді, жарылыстар мен атыстар ұйымдастырды және басқа да шабуылдар жасады" деген айыптар тағылған.
7
1 қаңтарда Латвия еуроаймаққа кірді. Латвияның лату аталатын валютасының орнына еуро енгізілді. 14 қаңтарға дейін екі валюта қатар қолданылатын болады.
Латыштар елдерінің еуроаймаққа кіргеніне әртүрлі қарайды. Әлеуметтік сауалнамалар бойынша, Еуропа Одағының валютасы - еуро енгізілгенін респонденттердің 25 пайыздайы ғана қолдайды.
Бұрынғы СССР республикаларының ішінде Латвиядан бұрын еуроаймаққа Эстония (2011 жыл) қабылданған.
8
1 қаңтарда Чехиядағы Палестина елшілігінде
жарылыс
болды. 56 жастағы Палестинаның Чехиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Джамал әл-Джамал 20 жылдан астам уақыт құлыптаулы тұрған сейфті ашпақ болған. Чех полициясы сейфке арнатылған арнайы қауіпсіздік құрылғысы іске қосылып кеткен деп болжайды. Палестиналық ресми өкілдер марқұм елшінің сейфті елшіліктің ескі ғимаратынан жаңа ғимаратына ауыстырмақ болғанын айтады.
Чехия астанасы Прага қаласында 1 қаңтар күні жарылыстан зардап шеккен Палестина дипломаты қайтыс болды. Жергілікті полиция болған оқиғаны "кездейсоқ болған бақытсыздық" деп сипаттады.
9
Қытайдың алғашқы ұшақ тасымалдайтын әскери кемесі Оңтүстік Қытай теңізінде сынақтан өтті. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауы бойынша, «Ляонин» кемесі 37 күндік сынақтан кейін Циндао портына қайтып оралған. Сынақ кезінде жоспарланған барлық әрекеттер дұрыс орындалған.
Бір ай бұрын «Ляонин» АҚШ-тың әскери кемесімен соқтығысып қала жаздады. Қытай ақпарат құралдары АҚШ кемесін "тым таяу келді" деп айыптаса, Пентагон Қытай тарапының әрекеттерін "жауапсыздық" деп бағалады.
Апта бейнелері: 30 желтоқсан - 4 қаңтар
Back to top
XS
SM
MD
LG