Accessibility links

Астанадағы айтыс: Аманжол мен Әсем


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.

Астанада өткен аламан айтыста Аманжол Әлтаев пен Әсем Ережеқызы сахнаға ақындардың төртінші жұбын құрап шыққан болатын.

«Қыз бен жігіт айтысы» үлгісінде сөз сайыстырған қос айтыскер әлеуметтік мәселеден гөрі жеке басты сөз етуге басымдық беріп отырды.

Тәуелсіздіктің жиырма жылында талан-таражға түскен қазақ даласын тілге тиек болған тұста Әсем Ережеқызы:

– Мастанбай Машкевичтер не қылады,
Ақ адал болмаған соң ұлы елімнің.
Сенімін, үмітімен ақтамады,
Ел сенген елбасыдай тірегімнің.
Байлығын Храпунов жеп кеткенмен,
Ай-күнім аспанымның тұр орнында, - деді.

Әсем Ережеқызының «Ай-күнім аспанымның орнында тұр» деген сөзіне Аманжол Әлтаев оған өз уәжін айтты.

– Ай-күнің аман болғанымен,
Сыпырып кеткен жоқ па алтыныңды.
...Ұрының арты қуыс, нанды ұрлаған,
Алаяққа жол берген балдыр заман.
Жеріңді сатып-сатып, ұры күйеу,
Ұшақпен ұшып кетті-ау алғыр қалам.
Қазақстанға ап келіп соттау керек,
Ондай күйеу көп бізде, алдырмаған.
Алтай мен Жетісуды ата-бабам,
Храпунов жесін деп қалдырмаған.
...Тарихта Біржан салдың аты қалған,
Шоқанның мәңгілікке хаты қалған.
Киелі Көкшетаудың жер шұрайын,
Кулагин деген әкім сатып алған.
Солтүстіктің егін мен қоймаларын,
Терещенко, Лужковтар тартып алған.
Мәскеулік алтын қалпақ Лужков мырза,
Жыл сайын бидайын кеп артып алған.
Көкшетауға барғанмен орындалмас,
Әсем қыз кеудеңдегі алтын арман, - деп жырлады Аманжол Әлтаев.

please wait

No media source currently available

0:00 0:31:40 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG