Accessibility links

Ержеңіс пен Айнабектің айтысы


Айнабек Бейсенғалиев. Астана. 08.02.2013 жыл
Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болды. Екінші кезеңдегі соңғы жұп қызылордалық Ержеңіс Әбдиев пен оралдық Айнабек Бейсенғалиев болды

Республикалық дейгейдегі айтысқа жаңадан шыққан Айнабек Бейсенғалиев айтыс өтерден бір апта бұрын Байқоңырға құлаған «Протон-М» зымыран тасығышын өлеңге қосты:

– Оралда аты шулы полигон бар,
Білгенге қасырет пен қайғы бұл да.
Саған кеше «Протон» құлап еді,
Барамыз біз азаптың қай қырына.
Екеуміздің халіміз тіптен мүшкіл,
Өзінің жетпей жүрген байлығына.
Ал, ағайын, біздерді қолдап жібер,
Қолың жетіп қалғандай айбыныңа.
Полигон мен гептилден күйіп кеткен,
Қос аққу келіп қонды айдыныңа,

Байқоңырдың мәселесін оның қарсыласы қызылордалық Ержеңіс Әбдиев те айтты:

– Байқоңырда Ресейдің азаматы
Болсаң, болды – қалмайсың бір еленбей.
Ержеңіс Әбдиев. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Ержеңіс Әбдиев. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Жалақыңда ай сайын үстемелеп,
Сыйақың да жыл сайын үдегендей.
Ал қазақтың паспортын иеленсең,
Көп ақшаны жүресің иеленбей,
Айлаққа жақын жатқан ауылдардың
Жағдайы тым қатты үдегендей.
Қасындағы ауылдарға қарасса ғой,
Байлықты Байқоңырға үйе бермей.
Шұлығының жыртығын жамамай ма,
Бар тапқанын басына кие бермей.
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:56 0:00
Жүктеп алу
Осы жұптың айтысынан кейін қазылар алқасы айтыстың аяқталғанын хабарлап, бас жүлдені Бегарыс Шойбековке (сыйлығы – 300 мың теңге), екінші орынды – Біржан Байтуовқа (200 мың теңге), үшінші орындарды – Мұхтар Ниязов, Ержеңіс Әбдиев және Айнұр Тұрсынбаеваға (100 мың теңге) берді.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG