Accessibility links

«Таблиғи Жамағаттың» сотталған мүшелері айыптарын «мойындады»


«Таблиғи Жамағаттың» сотталған мүшелерін залға әкеліп жатыр. Астана, 22 қаңтар 2016 жыл.
«Таблиғи Жамағаттың» сотталған мүшелерін залға әкеліп жатыр. Астана, 22 қаңтар 2016 жыл.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында «Таблиғи Жамағат» тобының мүшелері делінген адамдардың соты басталды. Айыпталған бес адамның кейбірі таққан айыппен келісті.

Күдіктілер – көбі Астана мен Қарағандының уақытша жұмыссыз, жастары әркелкі ер азаматтары. Оларға «экстремизм немесе террроризмге қатысты әрекеті үшін сот шешімімен жабылған не тыйым салынған қоғамдық не діни әлде басқа ұйымды құрған не қатысқан» деген айып тағылған. Айыпталушылардың біріне – Халамбахи Халымға «алауыздықты қоздырды» (қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша) деген айып тағылған.

Бұл сот үш жыл бұрын «Таблиғи Жамағат» ұйымын экстремистік деп танып, Қазақстанда тыйым салған.

ҰҚК-нің Астана департаменті былтырғы қыркүйектен бері «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының ісіне белсене қатысқан азаматтарды ұстағанын мәлімдеген. Ұсталған адамдарға бұрын бұл ұйымның ісіне кіріскені үшін «қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары жайлы ресми түрде ескертілгені» де айтылған.

ҒҰБАЙДОЛДА ТӨЛЕБАЕВ

Сотталушылардың бірі Ғұбайдолда Төлебаев ислам дініне 2000 жылдардан бастап көңілі ауып, намаз оқи бастағанын айтты. Оның сөзінше, оған дейін заңгер болып қызмет еткен, имам болған соң достары мен таныстары дін жөнінде ақыл-кеңес сұрап келе бастаған.

– «Таблиғи Жамағатқа» тыйым салынғанша мешітке барып, онда жиналғандарға исламды түсіндіретінмін. Бізге бөлектеп көрсету үшін «таблиғи» деген атақты жапсыра салды. Бірақ бәріміз бір үмбетпіз. Таблиғтардың санын көбейтейін не мүфтилікке қарсы қозғалыс құрайын деген ойым болған емес, – дейді Ғұбайдолда Төлебаев.

«Таблиғи Жамағаттың» мүшелерінің сотына келген адамдар. Астана, 22 қаңтар 2016 жыл.
«Таблиғи Жамағаттың» мүшелерінің сотына келген адамдар. Астана, 22 қаңтар 2016 жыл.

Ол бірнеше рет Үндістанға барып оқып қайтқанын, одан алған білімін «ізгілікке жұмсағанын», қалай намаз оқып, шариғатты орындауды үйреткенін айтты.

Сарыарқа аудандық 2-сотының судьясы Ұмсын Мұқанғалиеваның сөзінше, «Таблиғи Жамағат» қоғамды топқа бөледі, оның қатаң заңдары бар».

Ғұбайдолда Төлебаев айыпен келісетінін мәлімдеді.

– Айыбымды түгел мойындаймын. Тыйым салынған ұйым екенін білгенмін. Жұрттан жасырын жиналайық дедік. Мемлекетке қарсы шығуға болмайтынын түсінеміз, ондай ойымыз болған емес. Тыйым салған кезде тоқтай қалдық, – дейді ол.

Прокурор Серік Есжанов айыптау қорытындысында айыпқа негіз болған екі эпизод барын айтады. Оның бірі – пікірлестердің жиынында «исламға шақырған» сөздер, екіншісі – телефон әңгімесі. Прокурордың сөзінше, діндарлар Төлебаевқа телефон соғып, ақыл-кеңес сұраған. Тергеу дерегінше, ол істерін жалғастыра беру керегін айтқан.

ӨЗГЕРГЕН ПІКІР

Сотқа тартылған азаматтарды қолдауға келген туыстары мен достары сот залына әзер сыйды. Сотталушы Ерболат Омарбековпен бір сыныпта оқығанын айтқан бір азамат оның қамалғанға дейін заңгер және адвокат болып қызмет еткенін, «тамаша отбасы, екі баласын барын» айтты. Сыныптасының сөзінше, Ерболат Омарбеков ислам дініне бет бұрған соң сырт келбеті де өзгеріп, басқаша киіне бастаған – сол кезде оған маңындағы жұрттың, одан кейін полицияның назары ауған.

Оларға бұл істеп жүрген істері «Таблиғи Жамағаттыкі» екенін айтқан кезде Омарбеков бәрін тастап: «Болды. Біздікі қате сияқты» деген.

– Оларға бұл істеп жүрген істері «Таблиғи Жамағаттыкі» екенін айтқан кезде Омарбеков бәрін тастап: «Болды. Біздікі қате сияқты» деген. Өйткені 2000 жылдары расында түсініксіз еді. Жаңа судья күндіз уағыз айтып, түнде бильярд ойнайтын имамдар туралы сұрады. Олар жақсы білім бар ғой деп басқа елге кетті. Болмайды деген кезде ол бәрін доғарды. Қазір өздері де мойындайды, бас тартуға дайын, бейбіт өмір сүргілері келеді. Оларға қалыпты өмірге оралардай мүмкін беру керек, – дейді Ерболат Омарбековтің досы.

Ерболат Омарбековтің аты-жөнін айтқысы келмеген ағасы да Қазақстанда «Таблиғи Жамағат» ұйымына тыйым салынған 2013 жылдан бері діндарлар «бейғам болғандарын, жаман іс жасадық деп ойламағандарын, бәрі жиналып, бір-біріне қонаққа барып жүргендерін» айтады.

– Дос-жаран болып кеткен. Олардың іс-әрекеттерінен ешкім зардап шеккен жоқ, олар ешкімді сабаған жоқ, жарған жоқ, – дейді Ерболат Омарбековтің ағасы.

Басқа сотталушылар – Болатбек Қожагелдинов пен Нұржан Нұрәділов те айыптарын мойындайтындарын айтып, бірақ «ешбір жамандық жасамағандарына, исламның бар үкімін сақтағысы келетін кәдімгі мұсылман екендеріне» судьяны сендіруге тырысты.

Былтыр Алматыда 46 жастағы Сәкен Тұлбаев «Таблиғи Жамағат» ұйымына қатысы бар деген айыппен 4 жыл 8 айға сотталған. Айыпты мойындамаған ол азамат жазасын Павлодардағы колонияда өтеп жатыр.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG