Accessibility links

Астана күні полиция алаңдарды бақылауға алды

Қазақстан шілденің 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "перзенті" деп атап жүрген ел астанасының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың туған күнімен "дөп келеді". Кей қалаларда орталық алаңдарды полиция бақылауға алды. Билік өкілдері мұны "қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы шаралар" деп түсіндіреді.

16x9 Image

Сәния ТОЙКЕН

Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

16x9 Image

Дилара ИСА

Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

16x9 Image

Аян ҚАЛМҰРАТ

Аян Қалмұрат - Азаттықтың Алматы бюросында 2017 жылдан бері тілші. Тұран университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрындары 7kun.kz ақпарат агенттігі мен "Жас Алаш" республикалық қоғамдық-саяси газетінде жұмыс істеген. 

 

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG