Accessibility links

Кандидат Назарбаевқа жолығуға келгендер полицияның тосқауылына кезікті


Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығуға Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарынан келген үлескерлерді полиция Ақордаға жібермей ұстап тұр. Астана, 15 наурыз 2011 жыл.
Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығуға Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарынан келген үлескерлерді полиция Ақордаға жібермей ұстап тұр. Астана, 15 наурыз 2011 жыл.

Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығу үшін Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарынан Астанаға арнайы келген жұртты полиция Ақордаға жеткізбеді.


Наурыздың 15-і күні таңертең Астананың әкімшілік орталығына елдің әр түкпірінен келген ондаған үлескерлер мен ипотекалық несие борышкерлері жиналды.

Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарынан Астанаға арнайы келген жұрт өздерінің проблемасын шешу үшін үкіметтің қандай жоспары барын білмекке ел президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жолықпақшы болды. Олар төлем қабілеті жоқ
Акцияға қатысушылардың бірі әкімшілік ғимаратқа барар жолды бөгеген полиция қызметкерінің алдында қарда жатыр. Астана, 15 наурыз 2011 жыл.
азаматтардың кепілге қойылған жалғыз баспанасы мен өзге де мүлкін қарыз есебінде сот арқылы алуға өздерінің қарсылығын білдірді.

Алайда олар президенттікке негізгі кандидатқа жолыға алмады. Әуелі Астанадағы «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңға жиналған жұрт өз талаптарын билік орындарына жеткізудің жолдарын кеңесе бастады.

Ортақ проблемаларды көтеріп жүрген қос бірдей қоғамдық ұйымның басшылары Зәуреш Батталова мен Есенбек Өктешбаев ортақ шешімге келе алмай, әркім әртүрлі әрекетті жақтады. Алматыдан автобус және поезбен келген ондаған адам тікелей президент әкімшілігіне баруды жөн деп тапса, Астаналық үлескерлер мен борышкерлердің бір бөлігі билік өкілдерімен «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде кездесіп, мәселені сол жерде талқылауды ұйғарды.

Суық желдің өтінде тұрып жаурап қалған алматылықтар президент әкімшілігі ғимаратына беттеген кезде, таңертеңнен осы жерді бақылап тұрған қалың полиция күші олардың жолын бөгеп, Ақорда жаққа жібермеді.

Оларды алыстан бақылап тұрған астаналық үлескерлердің бірі: «Алматылықтар өздерін керемет ақылды санай ма?» деп қалды.

Кейін белгілі болғанындай, «Халыққа баспанасын қалдырайық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Есенбек Өктешбаев бастаған бес адам келіссөз өткізу
Үлескерлер мен ипотека борышкерлері президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді талап етіп жиналды. Астана, 15 наурыз 2011 жыл.
үшін президент әкімшілігі кеңсесіне баруға мұрсат алған.

Бірақ оларды президент Назарбаев та, президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин де қабылдамаған. Ал президенттікке кандидаттың сайлау штабындағы қатардағы қызметкерлермен сөйлесуге қоғамдық белсенділердің ықыласы болмаған.

Бұл уақытта ауа-райының суықтығына қарамастан оларды алаңда күтіп тұрған жұртқа келген Қазақстан парламентінің кейбір депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері үлескерлер мен борышкерлерді сабыр сақтауға шақырып, олардың мәселесін басқа жерге барып талқылауды ұсынды. Бірақ көпшілік бұл ұсынысқа иліге қоймаған соң, әлгілер екі сағаттай сол жердегі жұртпен әңгімелесіп, әркімнің шағымын тыңдап, тіпті биліктің айтып келе жатқан «бір адамға бір пәтер» идеясы кей жағдайда әділетсіз екенімен келісетін де сыңай танытты.

Оқиға орнынан Азаттық тілшісінің хабарлағанындай, президент әкімшілігі кеңсесіне кеткендер қайта оралған соң алаңға жиналғандар билікке өздерінің әлеуметтік талаптарын айтып акция өткізген.

Бұдан соң олар Астананың орталық көшесімен жүріп өтпек болған кезде полиция олардың кейбірін ұстап алып кеткен. Осы мақала дайындалып жатқан сәтте бұл акцияға қатысқан кейбір азаматтардың үстінен іс қозғалып, әкімшілік соттың қарауына жіберілгені белгілі болды.
XS
SM
MD
LG