Accessibility links

Жұмысшылар талаптары орындалғанын хабарлады


Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Атыраудағы қытайлық Sinopec Engineering компаниясындағы қазақ жұмысшыларының үш күнге созылған ереуілі мамырдың 5-і күні тоқтады. «Евразия Строй Капитал 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) жұмысшылары компания басшысының талаптарын орындауға уәде бергенін айтты.

- Мамырдың 4-і күні кешке серіктестік директоры Чин мырза талаптарымыздың орындалатыны туралы келісім қағазға қол қойды. Ең бастысы - жалақымыз қытайлық жұмысшының жалақысымен бірдей, яғни 1000 доллар болады. Біз ол қағазды нотариус арқылы куәлендіріп алып жатырмыз. Жұмысымызға шықтық, - деп хабарлады жұмысшылар бүгін Азаттық тілшісіне.

«ӨЗ ЕЛІМІЗДЕ ҚҰЛ БОЛДЫҚ»

Мамырдың 2-сі күні Атырау мұнай өңдеу заводы қасынан салынып жатқан хош иісті көмірсутектер құрылысына жауапты қытайлық Sinopec Engineering компаниясының 200-ге тарта жұмысшысы еңбек жағдайын жақсартуды, жалақы төлеудегі алалауды жоюды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді.

Олар бір жыл бойы айлықтарынан зейнетақы, табыс салықтары тәрізді заңды төлемдер ұсталғанымен, осы күнге дейін аударылмай келгеніне шағымданған.

- Зейнетақымызға бір жыл болды ақша түскен жоқ. Кіріс салығын тиісті мөлшерден екі еселеп ұстайды. Демалыс күндері берілмейді. Бір күн демалсақ, екі күннің еңбек ақысын ұстап қалады. Медициналық сақтандыру деген жоқ. Өндірістік
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
жарақат алған жұмысшылар өз күштерімен емделіп жүр. Жатын орынымыз, жуынатын жер - антисанитария. Соның кесірінен 28 адам өкпе ауруына шалдығып кетті, - дейді жұмысшылар.

Ереуілге шыққан жұмысшылардың барлығы дерлік - Қазақстанға Қытайдан қоныс аударған қазақтар.

- Біз жат мемлекетте жүріп мұндай құлдыққа түспеген едік. Ал мұнда құлдан да төмен жағдайдамыз. Мәселен, әр қазақ жұмысшысы каскасына арнаулы нөмірмен белгіленген. Жұмыс уақытында сәл демалсаң, қытайлар келіп, дереу каскадағы әлгі нөмірді жазып алады. Содан соң жалақыдан кеседі. Абақтыға түскендерді де нөмірлегенде маңдайдан емес, кеудесіне жазады ғой, - дейді ереуілшілердің бірі Ермек Мамырбек.

Жұмысшылардың айтуынша, олармен бірге жатақханада күзет қызметінде істейтін жалғыз қытай азамат тұрады.

- Оған жасалған тұрмыстық жағдай ерекше. 200 адам қысы-жазы сырттағы бір әжетханаға барсақ, бұл жатақхана ішіндегі бір бөлмені жалғыз өзі иеленеді, кілтімен ашып-жауып жүреді, - дейді жұмысшылар.

«Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС - 100 пайыз қытайлық серіктестік. Ол Қазақстан заңының талабы бойынша, химиялық кешен құрылысын жүргізуге байланысты тендерге қатысу құқына ие болу үшін, жергілікті орында тіркелген.

ҚЫТАЙ БАСШЫНЫҢ УӘДЕСІ

Мамырдың 4-і күні «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директоры Чин Е ереуілші жұмысшылармен кездесті. Бұл кездесуге фирманың кадр бөлімі және бухгалтерия мамандарымен бірге Sinopec Engineering компаниясының қазақстандағы филиалы бас директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев та қатысты.

Жұмысшылар бұған дейін айтып келе жатқан талаптарын қайта қозғады. Олар
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
жалақы мен келісім шарт туралы әңгіме қозғалса, кадр бөлімі мен бухгалтериядағы қазақ мамандары тарапынан дөрекілікке тап болатынын айтып шағымданды.

- Олар бізге «малсыңдар» дейді. Біздің бар айыбымыз - келісім шартымызды сұрағанымыз. Бізге оны да осы уақытқа дейін берген жоқ, - деді жұмысшылар.

«Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС бухгалтері Әлия Оразова жұмысшылардың зейнетақымыз қайда деген сауалына жауап бере алмады.

- Мен бәрін аудардым, бірақ неге түспегенін білмеймін. Оны мемлекеттік зейнетақы қорынан сұрау керек, - дейді ол.

Жұмысшылар 30 күн бойы демалыссыз жұмыс істеп, 50-60 мың ғана алатындарын айтады.

- Қазақтар кез-келген қытайлық жұмысшылардан артық істейді. Әрі жұмыстың ең ауырын атқарады. Бірақ қытайлық жұмысшылар 150 мың теңгеден 230 мың теңгеге дейін айлық алады. Ал біздер қанша тырыссақ та, не разрядымызды көтермейді, не жалақымызды өсірмейді. Неге? - деп сұрады олар.

Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалы бас директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев жұмысшылардың тұрмыстық және әлеуметтік
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
төлемдерге қатысты талаптары орындалатынын айтты. «Егер оны орындамаса, бұл мердігермен келісім шарт бұзылады» дейді ол.

- Бірақ 230 мың жалақы сендерге төленбейді, - деді Жалғас Дүкенбаев жұмысшыларға. - Өйткені ондай жалақыны металл құрылымдарды құрастыруға арнайы шақырылған, Қазақстанда жоқ бес-алты қытайлық маман ғана алады.

Алайда жұмысшылар өздерінің серіктестік басшысымен әңгімеде «Қарапайым қытай жұмысшысының ең төменгі жалақысы қанша?» деген сауалға «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директорының «1000 доллар» деп жауап бергенін айтады.

Жұмысшылар ереуіліне байланысты ресми баспасөз мәлімдемесін таратқан Sinopec Engineering компаниясы қазақстандық жұмысшылардың еңбекақысы сыйақы мен артық сағаттарын қоса санағанда 90 мың теңгеден 140 мың теңгеге
Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.
Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.
дейін деп мәлімдеме жасады. Компанияның ақпаратына сүйенсек, қытай жұмысшысы сыйақы мен артық жұмыс сағаттарын қоса есептегенде 160 мың теңге алады.

Кешегі жиын соңында «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директоры жұмысшылар талаптарын орындайтыны туралы қағаз жүзінде келісімге отыруға уәде берген еді.

Атырау мұнай өңдеу заводының хош иісті көмірсутектер шығаратын заводы - «Қазақстан мұнай химия өнеркәсібін өркендету туралы 2008-2013 жылдарға арналған бағдарлама» шеңберінде салынып жатқан кешенді құрылыс. Оның құрылысына жауапты - қытайлық Sinopec Engineering компаниясы. Жобаның жалпы құны - 1 миллиард доллардан астам.

Қазір құрылыс алаңында түрлі мердігер компаниялардың 600-ден астам жұмысшысы жұмыс істеп жүр.
XS
SM
MD
LG