Accessibility links

Анашым, бізде үй қашан болады?


Динар Камилова, Азаттықтың блог-байқауына қатысушы жіберген көрнекі сурет
Динар Камилова, Азаттықтың блог-байқауына қатысушы жіберген көрнекі сурет

"Ал біз коктейльге ақша берсек, Андрей ағаға ақша бере алмай қаламыз, ия. Сосын мен: «Үйіміз болғанда ішемін» дедім".

- Анашым, менің кіндік апам берген кукланы қайда салдыңыз?

- Кейін тауып берейінші, Құлыным!

- Ол да Андрей ағаның үйінде қап қойды ма? Енді сіңлім туғанда не дим?!

Пәтерден пәтерге көшкен сайын қызым осылай ойыншықтарын түгендейді.

Бірде бала-бақшадан алып келе жатқан жолда тағы да кезекті сұрақтарын жаудырта бастады.

- Анашым, бізде үй қашан болады? Андрей ағаның үйінде әлі көп тұрамыз ба? - деп бұл жолы төтесінен қойды.

Не дерімді білмей, абдырап қалғаным. Оны папаңнаң сұрайық десем, жұмыстан қажып келген отағасының миын мүжіп жүрер деп, әңгімені бұрмалауға тырыстым.

- Сен неге оны сұрадың?

- Бүгін Жанар апай «коктий» (коктейль) бермей қойды.

- Ол не қызым?

- Ана сок сияқты стаканға құйып ішетін нарсе бар ғой...

- Не үшін бермеді сонда?

- «Мама-папаң ақша берген жоқ» дит. Ельзар, Мирас, Зере, Нұрай, Дәрия бәрі ішті. Сосын мен оларға қарап тұрдым. Ал біз «коктийге» ақша берсек, Андрей ағаға ақша бере алмай қаламыз, ия. Сосын мен: «Үйіміз болғанда ішемін» дедім. Иә ма, анашым?

- Әрине солай, алтыным!

Динар КАМИЛОВА

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG