Accessibility links

Пәтер іздеу


Есей Жеңісұлы, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

Пәтерақы уақтылы бер, сұратпа! Кешікпейді бір күн және бір апта... Мен ұлымның ауыл жаққа кеткенін, қожайынға айта алмадым бірақ та...

Орайласпай оң боп тұрған жұмысым,

Қайтып келдім.

Келген күнім құрысын...

Мен дегенде безеретін шаһардың,

Пәтер іздеп, кездім қуыс-қуысын.

«Жетім бұрыш», табыстым ба сенімен?

Қалтам таяз, несіне онда керілем?

Бір делдалдың ұсынысын құп көріп,

Бір-ақ шықтық жаңа «Ақсайдың» төрінен.

Қаталдау ма?

Қатаңдай ма қожайын?

Жік-жапармын.

Ұнап қалу – өз ойым.

Жалғыз бөлме, асханасы сәл кеңдеу,

Тез келістім, сөзді несін созайын...

Бұл заманда ерге неге ірге мұң?

Жасандылау сияқты ма күлгенім...

Қожайыным көрді кіші қызымды,

Үлкенінің жетегімде жүргенін.

Пәтерақы уақтылы бер, сұратпа!

Кешікпейді бір күн және бір апта...

Мен ұлымның ауыл жаққа кеткенін,

Қожайынға айта алмадым бірақ та...

Азаматым бар екенін кекілді,

Айта алмадым,

Ой кеп басқа не түрлі...

«Үш балам бар» десем, қатал қожайын

Пәтеріне кіргізбейтін секілді...

...Тірлік үшін – адамның бар амалы,

Күндер зулап, түндер зулап барады.

Ақша алуға келген күні қожайын

Мен жаққа бір, ұлыма бір қарады...

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

Пікірлерді көріңіз (5)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG