Accessibility links

Адвокаттар құқығын кімнен қорғау керек?


Конституция макетінің жанында тұрған әскери қызметкер. Алматы, 30 тамыз 2014 жыл.

Қазақстан конституциясына заңгерлер қандай өзгерістерді ұсынып отыр? Олардың пікірінше, бұған дейінгі бар заңдар олардың құқықтарын қорғауға неге қауқарсыз? AzattyqLIVE хабарында осы сұрақтарға заңгер Бақтияр Ғалымжанов жауап берді.

Қазақстанның адвокаттар алқасы конституцияда адвокаттар тәуелсіздігін жеке бөліп жазу, азаматтардың кәсіби заңгер көмегіне еркін жүгіну құқығын енгізуді ұсынды. Кейбір ұсыныстар полицияның азаматтарды санкциясыз ұстау мерзімін 48 сағатқа қысқартуды көздейді (қазір ол – 72 сағат). Сонымен қатар, ұсталған азаматтың жауап бермеу құқығын сақтау, адвокаттарды күдіктіні қорғау кезінде, іс барысында белгілі болған жайттарға байланысты тергемеу мәселесін көтерген. Адвокаттар бұған қоса, прокуратураның өкілеттіліктерін азайтуды сұрайды. Олар прокурорлардың тек қылмыстық істерге қатысуы дұрыс деп есептейді.

Адвокаттардың бұл ұсыныстарын конституцияға енгізудің қажеттілігі неде? Заңгерлер неге қазіргі «Адвокат қызметі туралы» заң құқықтарымызды қорғай алмай отыр деп ойлайды?.

Осы және өзге де сұрақтарға орыс тілінде өткен AzattyqLIVE хабарында заңгер, адвокат Бақтияр Ғалымжанов жауап берді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG