Accessibility links

Байқауға түскен видеолардың екінші легі


Ағашты азаптау (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:24 0:00

Ағашты азаптау

Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толуына орай ақпан айының басында видео-байқау жарияланған еді. Байқауға сюжеттер қабылдау мерзімі сәуірдің 21-іне дейін созылды.

Азаттықтың видео-байқауы «азаматтық журналистика» айдарымен жарияланды.

Оқырмандарымыз видео-байқауға келіп түскен алғашқы видеолар легін мына сілтеме арқылы көре алады.

Төменде оқырмандар жүктеген жаңа видеоларды жариялап отырмыз.

АСТАНАҒА КӨКТЕМ КЕШ КЕЛЕДІ

Бұл видеоны Астана қаласының тұрғыны Жігер Батырбекұлы жүктеген. Видеода көктем келген кезде еріген қар салдарынан Астана тұрғындарының көшеде қалай қиналатыны бейнеленген.

"Наурыздың қақ ортасында ақ қар, көк мұз кешіп бір әбігерге түссе, әлсін-әлсін ери бастаған сол қар суын кешіп тағы бір әлек" деп жазады автор.
«Астанаға көктем кеш келеді...» (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00
Жүктеп алу

ШОЛАҚҚОРҒАНДАҒЫ ҚАР

Азаттықтың видео-байқауына келіп түскен бұл видеода автор Оңтүстік Қазақстан облысы Шолаққорған ауылында түскен қарды көрсетуге тырысқан.

"18.01.2013 жылы Шолаққорған аулына іс сапармен бара жатып қаһарлы қыстың қалың жауған қары жүк көлігінен биік тұрғанын көріп, өз көзіме өзім сенбедім" дейді видеоны жолдаған Сапарғали Салдаров Бауржанұлы есімді адам.

ЕУРОДЕПУТАТ КӨМЕКШІСІ - ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Бұл видеоны Берік Жағыпаров есімді азамат жүктеген. Видеода әуелі қарапайым тұрғындар Еуродепутат көмекшісіне баспаналарының жағдайын көрсетіп жатыр.

Мұнан соң Жезқазған тұрғындарының мәселесіне байланысты әкімшілікке келген еуродепутат көмекшісін әкімшілік қызметкерлерінің қалай қарсы алғаны бейнеленген.
Еуродепутат көмекшісі - Жезқазғанда (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:11:45 0:00

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Жезқазғанда тұрғындары шетелден келген қонаққа бірнеше сауал қойып, әңгімелесіп отыр. Видеоны Берік Жағыпаров жүктеген.
Ақсақалдардың сауалдары (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:43 0:00

ӘКІМШІЛІКТЕН ШЫҚ!

Андрей Цуканов жүктеген бұл видеода Жезқазған қалалық әкімшілігі қызметкерінің «Молодежная газета» операторын ғимарат ішінен қалай шығарып жібергені көрсетілген.
Әкімдіктен шық!
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00
Жүктеп алу

МАИ БАСТЫҒЫ

Жезқазғандағы жол полициясының өкілі видеоны түсірген адамның - Берік Жағыпаровтың сұрақтарына жауап беріп тұр.
МАИ бастығы (көшірме)
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
Жүктеп алу

ЖЕЗҚАЗҒАН ПОЛИЦЕЙІ

Видео авторы - Берік Жағыпаров. Оның сұрағына жауап берген полиция өкілі «кез-келген әлеуметтік наразылықтың экстремизмге» жататынын айтқан.

Видео наразылық шарасы кезінде түсірілсе керек. Жан-жақтан наразы жұрттың дауыстары естіледі.
Жезқазғанның "мәліметі мол" полицейі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00
Жүктеп алу

БАЙҚАУ ШАРТЫНА САЙ КЕЛМЕГЕН ВИДЕОЛАР

Видео-байқаудың негізгі шарты - оқырман жолдайтын видео азаматтық белсенділікті арттыруға себі тиетін, Қазақстанның қазіргі өмірінде қоғамдық мәні бар, бұрындары байқауға қатыспаған болуы керек.

Алайда видео-байқауға келген кейбір сюжеттер байқау шартына сәйкес келген жоқ. Төмендегі тізімдегі видеолар сол себепті жарияланбады:

Видео аты Жүктеген адам
1 "Құнарлы мал азығы - қаптамадағы пішендеме" Авторы көрсетілмеген
2 "Қай жерде болмасын, намазыңды қаза қылма" Нұргүл Нышанова
3 Мешітке барған бауырлар Нұргүл Нышанова
4 Батагөй қариялар Нұргүл Нышанова
5 Батагөй қариялар Нұргүл Нышанова
6 Елбасына жолдау Жанболат Қайырденов
7 Балықшылар Жанболат Қайырденов
8 Экстрасенс Нұрмұхаммед Оразбеков
9 Если скажешь да Нұрмұхаммед Оразбеков
10 Биші жігіт Моңғолия Narka Narkhulan
11 Әттең, әп-әдемі әндер еді-ау... Авторы көрсетілмеген
12 Жамбыл облыстық сотының дәретханасы Мұрат Тұңғышбаев


Байқау жеңімпазын арнайы тағайындалған қазылар анықтайды. Байқау қорытындысы шығар күнін қосымша хабарлаймыз.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікірлерді көріңіз (6)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG