Accessibility links

Азаттық сайтын ашу жолдары


Азаттық сайтын блокты бұзып оқып отырған интернет қолданушы. Алматы, 24 мамыр 2016 жыл.
Азаттық сайтын блокты бұзып оқып отырған интернет қолданушы. Алматы, 24 мамыр 2016 жыл.

Қазақстанда Азаттық сайтының кейбір провайдерлер желісінде ашылмай тұрғанына бүгін төртінші күн болды. Мамандар сайт бұғатталған кезде оны оңай ашу жолдарын ұсынады.

Азаттық сайты бірнеше күннен бері Қазақстан аумағында ашылмай тұр. Мамандардың айтуынша, Азаттық сайтының сервисі қалыпты түрде істеп тұр, оқырмандар сайттың электрондық адресі арқылы сұраныс жібергенде, ол сигнал серверге аман есен жетеді, бірақ ақпаратты алып қайта шыға алмайды. Яғни, қайтар жолға сүзгі (блок) қойылған.

Азаттықты ашудың жолдары
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:20 0:00
Жүктеп алу

Осы ретте Азаттық тілшісі мамандарға «сайт блокталған кезде оны айналып өтудің жолдары қандай? Ол тәсілдерді Азаттық оқырмандары қолдана ала ма?» деген сауал қойды. ІТ мамандары жабылған сайтты ашудың қарапайым бірнеше жолын ұсынды.

БІРІНШІ ӘДІС - TOR БРАУЗЕРІН ҚОЛДАНУ

ІТ мамандарының айтуынша, «жабылған сайтты ашудың ең оңай жолы - Tor браузерін қолдану».

«Google-дан Tor деп теріп, орнатып аласыз. Сосын [Азаттықты] ашып оқи бересіз. Бұл браузер үш-төрт серверден өтеді. Бір сервері - АҚШ-та, бір сервері - Германияда, біреуі - Францияда. Осы үш төрт серверден өтіп барып ашады. IP адресіңіз белгісіз болып қала береді» дейді ІТ-маман Асқар Еділов (аты-жөні өзгертілген).

Маманның айтуынша, «Tor браузері IP6 форматына өткелі оны жабу техникалық тұрғыда мүмкін емес болып қалған».

АНОНИМАЙЗЕРЛЕР

Мамандар ұсынған екінші жол – сайтты анонимайзерлер арқылы ашу. Google-де «анонимайзер» деп теріп, Азаттық адресін жазып, сайтты ашуыңызға болады.

Журналистерге интернет-тренинг өткізіп жатқан ЕҚЫҰ мамандары. Павлодар, 25 наурыз 2005 жыл. (Көрнекі сурет)
Журналистерге интернет-тренинг өткізіп жатқан ЕҚЫҰ мамандары. Павлодар, 25 наурыз 2005 жыл. (Көрнекі сурет)

«Арнайы сервистер бар. URL-ді (http://www.azattyq.org - ред.) жазасыз, сізге басқа URL-мен ашып береді. Ашқанда azattyq.org емес, басқа адреспен ашады. Ол адреске блокировка болмағандықтан аша береді. Бірақ олар уақытша және өте жәй істейді» дейді Асқар Еділов.

Ол «үкімет көптеген анонимайзерлерді жауып жатқандықтан, кейбірі Қазақстанда істемеуі мүмкін екенін» айтады.

- Негізі анонимайзерлер тұрақсыз. Бір анонимайзер шығады, бір айдан кейін жабылады. Екіншісі пайда болады. Қазақстанның өзі көптеген анонимайзерлерді жауып жатыр. Меніңше, Google-дегі 4, 5-ші бетке дейінгі анонимайзерлер жабық шығар, - дейді ол.

VPN-СЕРВЕРЛЕР

Мамандар ұсынған тағы бір тәсіл – Азаттық сайтын ашу үшін VPN серверлерді қолдану. Бұл әсіресе мобильдік қосымша қолданатындарға ыңғайлы.

«Ұялы телефонмен қолдану өте оңай. Бір кнопкамен ашылады. Арнайы білімнің қажеті жоқ. Android-та да, iPhone-да бар, оларды қосымша жүктеп алатын жерден VPN деп теру керек, бірінші тұрғаны тегін. Сол арқылы IP-ді телефонға шетелдік етіп орнату оңай. Бірақ оны компьютерге орнату қиын. Арнайы білім керек» дейді Асқар Еділов.

МАМАНДАРДЫҢ САЙТҚА КЕҢЕСІ

Қазақстандағы ЦАРКА (Центр анализа расследования кибер атак - Кибер шабуылдарды тексеруді талдау орталығы) президенті Олжас Сатиевтің пікірінше, заңды түрде тіркелген, бірақ кейде бұғатталып қалатын сайттар үшін «мобильдік қосымшаны Google немесе Amazon сияқты танымал қоғамдық серверлерде орналастырған тиімді. Бұл қосымшаны жабуды күрделендіре түседі».

«Мәселен, Google-да Сloud storage атты сервис бар. Оған файлдарыңды орналастыруға болады. Сол жерден мобильдік қосымшаға түсіп отырады. Бұл қосымшаны бұғаттауды қиындата түседі. Ол үшін елдегі танымал серверлердің бәрін блоктауға тура келеді» дейді ол.

Алматыдағы интернет-кафелердің бірінде отырған азамат. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы интернет-кафелердің бірінде отырған азамат. (Көрнекі сурет)

Оның айтуынша, бұдан бөлек, заңды түрде жұмыс істеп жатқан, бірақ қоғамдағы оқиғаларға байланысты бұғатталып қалатын сайттарға қандай да бір мессенджерлерден жеке канал ашып, оқырмандарға сол арқылы ақпарат тарату тиімдірек.

«Мәселен, мұны Telegram-да жасаған қолайлы. Мессенджерлердің бірінен «бот» (арнайы бағдарлама - ред.) құрылады. Оқырмандар сол каналға қосылып, [уақытша бұғатталған сайттан] ақпарат алып отырады. Бұл әлемде өте танымал әдіс» дейді Олжас Сатиев.

Мамандардың айтуынша, барған сайын адамдар мобильдік қосымшаларды көбірек қолданып келе жатқандықтан, заңды түрде жұмыс істеп отырған, бірақ елдегі кейбір оқиғаларға байланысты анда-санда бұғатталып қалатын сайттар блокировкамен күресті осы бағытта жүргізіп келеді.

Қазақстанда Азаттық сайтының мамырдың 21-іне ауған түннен бері ашылмай тұрғанына төртінші күн болды.

ВИДЕО: Мамырдың 21-і күні полиция бейбіт митингіге шықпақ болған ондаған адамды ұстады

Полиция ондаған адамды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:26 0:00

Оқырмандар бұған дейін сайтқа белгілі бір аймақтарда кейбір провайдер арқылы бірер сағатқа кіре алғанын айтқанымен, қайта аша алмай қалғандарын хабарлады. Азаттықтың мобильдік нұсқасынан өзге azatkaz.info деп аталатын қосымша адресі де ашылмай тұр.

Азаттық сайты Қазақстанда жер мәселесіне қатысты жаппай бейбіт митингі болады деген мамырдың 21-іне қараған түні ашылмай қалды. Азаттықтан басқа мамырдың 21-іне дейін Қазақстан аумағында ашылып тұрған бірнеше сайттың да бұғатталғаны жайлы ақпараттар тарап жатыр.

Мамырдың 21-і күні Қазақстанның бірнеше қаласында полиция жүздеген адамды көшеден, үйінен ұстап алып кетіп, сол күні көбін босатқан. Алматыда мамырдың 21-і күні Республика алаңы маңында полиция жер мәселесіне қатысты пікір білдіруге жиналған ондаған адамды ұстап әкеткен. Ұсталғандар арасында құқық қорғаушылар мен белсенділер, журналистер, оның ішінде Азаттық тілшілері де болды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG