Accessibility links

AzattyqLIVE: Бүгінгі айтыс


Ақын Жүрсін Ерман (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол AzattyqLIVE хабарында. Алматы, 9 желтоқсан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында ақын Жүрсін Ерман қазіргі айтыс туралы ой-пікірімен бөлісіп, оқырман сауалдарына жауап берді.

Желтоқсанның 2-4-і күндері Виндхук қаласында (Намибия) өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті сессиясында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс - импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет айтыс ақындарын даярлауға грант бөлді

AzattyqLIVE хабарына қатысқан ақын әрі айтысты ұйымдастырушы Жүрсін Ерман ЮНЕСКО-ның тізіміне енудің қандай әсері болатыны жайлы, қазіргі айтыс өнерінің ахуалы туралы айтты.

AzattyqLIVE: Жүрсін Ерманның айтыс туралы пікірі (1-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:15 0:00

AzattyqLIVE: Жүрсін Ерманның айтыс туралы пікірі (2-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:57 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (11)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG