Accessibility links

Арнайы заң кино өндірісін реттей ала ма?


Режиссер Данияр Саламат (оң жақта) пен журналист Нұрбек Түсіпхан. Алматы, 5 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстандық кино өндірісі мәселесін депутаттарға таныстырылған "Кинематография туралы заң" жобасы қай деңгейде қамти алған? Коммерциялық, құқықтық тұрғыда жобаның тиімділігі қандай? "Қазақфильм" киностудиясының болашағы не болмақ? AzattyqLIVE осы мәселені режиссер Данияр Саламатпен талқылады.

2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы парламентте "Кинематография туралы заң" жобасын таныстырғанда кино өндірісі үшін мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражатты үнемдеу мәселесін де сөз етті. Оның айтуынша, алдағы уақытта "кино қоры" құрылады және фильм түсіруші студияларға осы қор арқылы қаражат бөлінеді. Студиялар кино түсіруге қажетті қаражаттың жартысын өздері табуға міндеттеледі.

Бұдан бөлек заң жобасында кинематографистер құқығы, "Қазақфильм" киностудиясы аумағында еркін экономикалық аймақ құру, шетелдік өнімдерді қазақ тіліне аудару, қазақ тіліндегі фильмдердің көрсетілу уақытын анықтау жайы да қарастырылған.

"Кинематография туралы заң" жобасы Қазақстандағы кино өндірісін реттей ала ма? Осы тақырыпқа арналған AzattyqLIVE хабарына режиссер Данияр Саламат қатысты.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:38 0:00
XS
SM
MD
LG