Accessibility links

Парламент қабылдап жатқан заңдар сапасы қандай? Парламентаризм институты өз міндетін атқарып отыр ма? Жемқорлықпен күресте депутаттар неге алға шықпайды? AzattyqLIVE тақырыпты бұрынғы депутат Серік Әбдірахмановпен талқылады.

Парламент мәжілісінің күзгі сессиясында біршама заң жобалары қарастырылып жатыр. Жайылым туралы, мәдени даму жайында, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес туралы, салық жүйесі мен қорғаныс саласына байланысты көптеген заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланған.

Кейінгі кездері кейбір заң жобаларын талқылауға қоғамдық белсенділер де шақырылып жүр. Оның алдында жер кодексін талқылау парламент құзырынан алынып, уақытша құрылған комиссия өкілетіне берілді. Бұл шаралар парламент қызметін қандай деңгейде екендігін көрсетеді? AzattyqLIVE бұл тақырыпты парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахмановпен тікелей эфирінде талқылады.

Серік Әбдірахманов 1991 және 1992 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарып, парламент мәжілісінің екінші шақырылымына (1999 - 2004 жылдар) және үшінші шақырылымына (2004 - 2007 жылдар) депутат болып сайланған. 2010 жылы ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, елде «әділ сайлау өткізуді» сұраған еді. 2011 жылы президентшіл "Әділет" партиясы төрағасының бірінші орынбасарлығы қызметінен өз еркімен босаған. Сол жолы ол саясаттан кететінін мәлімдеген.

Серік Әбдірахмановпен өткен хабардың видеосы:

Парламент қаншалықты белсенді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:19 0:00

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG