Accessibility links

Түрмедегі әйелдерді зорлауды қалай тоқтатуға болады?


Наталья Слекишина (оң жақта) мен адвокаты Айман Омарова. Алматы, 30 қыркүйек 2016 жыл.
Наталья Слекишина (оң жақта) мен адвокаты Айман Омарова. Алматы, 30 қыркүйек 2016 жыл.

Слекишинаның ісі түрмеде зорланған әйелдердің жаппай сотқа жүгінуіне түрткі бола ала ма? AzattyqLIVE хабары осы мәселені құқық қорғаушы Марианна Гуринамен талқылады.

Алматы қалалық Түрксіб ауданының соты тергеу абақтысының бұрынғы қызметкері Руслан Хакимовты түрмеде жазасын өтеп жатқан Наталья Слекишинаны зорлады деп танып, тоғыз жылға соттады.

Наталья Слекишина ЛА 155/18 түзету мекемесінде зорлыққа ұшырап, бала тапқанын мәлімдеді. Руслан Хакимов сотта тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Үкім шыққаннан кейін журналистерге сұхбат берген Татьяна Слекишина түрмеде зорланған әйел жалғыз өзі емес екені айтты. Слекишина "олар менің сотта жеңгенімді көріп, заңға жүгінеді деп үміттенемін" деген пікірін білдірді.

Алайда проблеманың қаншалықты асқынғаны сарапшылар мен мамандарға да беймәлім. Түрме қызметкерлерінің жазасын өтеп жатқан әйелдерді зорлауын қалай тоқтатуға болады? Абақтыларда неге әйелдерді ер адамдар күзетеді? Қылмыстық-атқару жүйесінің зорлық-зомбылық жасаған қызметкерлерін қорғауына қалай тоқсауыл қоюға болады? Түрмеге оралатын Наталья Слекишинаның ендігі тағдыры не болмақ?

AzattyqLIVE хабарында осы және басқа да сауалдарға «Ұлағатты жанұя» қоғамдық ұйымы жетекшісі, құқық қорғаушы Марианна Гурина жауап берді.

XS
SM
MD
LG