Accessibility links

Үздік үш комментарий


Азаттық сайтын оқып отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Азаттық сайтын оқып отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АТЫ-ЖӨНІ БЕЛГІСІЗ ОҚЫРМАН

Иә, сол жалғызға жаба салуы және ішімізден болуы мүмкін. Екіншіден сонша адамды өлтіргеніне қарағанда үлкен бір нәрсе үшін болып отыр, елімізге ядролық қару кіргізіп кетті ме кім білсін? Болмаса 1 миллион тонна наркотик алып өткен шығар немесе жоғарыдағы шенеуніктер заңсыз бір нәрсе істеп алып, кейін куәлардың көзін құртуы да мүмкін.

(«Тірі қалған шекарашының туыстары министр болжамымен келіспейді» атты мақалаға жазылған пікір)


ZHANBOLAT, ALMATY

Күшті, жақсы мақала екен "халық айтса қалып айтпайды" өте дұрыс қойылған атаулар. Біздің ауылда да байлардың көшесі бар, біз кастаға бөлінгенде Үндістаннан өтіп кеттік, үндістер келіп көрсе таң қалар, "қазақтар сендер нені көрсеңдер де тез игересіңдер, мәселен: тіл болсын, бөліну болсын" деп.

(«Шаң ауыл», «Бай ауыл» және «Арам ауыл» атты мақалаға жазылған пікір)


ИІЛМЕГЕН ҚАЗАҚ, АҚТАУ

Пайдалану мерзімі ұзартылған зымыран,яғни ескі.Капустин Ардан сарышағанға қарай атқан, дәл тигізген! Қандай сәттілік!
Ал, сәтті болмай қалуы мүмкін бе еді? Егер мүмкін болса, сол бағытта қаншама елді мекендер мен қалалар бар. Жалпы ауаға, табиғи құбылыстарға қаншалықты әсері бар. Соны зерттеп, айналысып жатырған адам бар ма екен?

(«Путин келгенде Қазақстандағы нысанаға Ресей зымыраны атылды» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG