Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (30 шілде - 5 тамыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

ИІЛМЕГЕН ҚАЗАҚ, АҚТАУ

Кез келген үкіметке қауіпті деп есептелінген адамды осылай сотсыз, дымсыз атып тастай беруі мүмкін. Бұл 37-ден де жаман. Ол кезде өтірік те болса сот болды. Ал мынасы сұмдық. Бұлай жалғаса беретін болса, бұл елде өмір сүру тіптен адам төзгісіз жағдайға алып келеді.

(«Полицияның 6 адамның "көзін жойғаны" хабарланды» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Егер елің мықты, халқың білімді болса, Боратыңа ешкім қарамайды, ал сорлы халық болсаңдар, Боратсыз-ақ әлем халқы мазақ қылады.

(«Қазақ жанкүйерлері «бораттық Қазақстан образына» «интернет-соғыс» ашты» атты мақалаға жазылған пікір)

АРҚАЛЫҚ, САРЫАРҚА

Қазіргі билік патшалық жүйеге қарсылық көрсеткен өнер қайраткерлеріне қарағанда сол отаршыл жүйенің сойылын соғып, шен-шекпенін иеленген Жәңгір хан, Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов сияқты аға сұлтандарды ұлықтауға бейім.

(«Арқа дәстүріндегі қарсылық әндері» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG