Accessibility links

Үздік үш комментарий


(Көрнекі сурет)
(Көрнекі сурет)
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (28 мамыр – 3 маусым) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Қанша дегенмен жетпістен асқан қарт қой. Өзіне қауіптің қайдан келетінін, қайдан төніп тұрғанын қу іші сезеді. Нұреке! амал жоқ, сізге менің жаным ашиды, қауіп қатты. Жастардың сізге деген қарсылығы қатты. Уақыт келді, тықыр таяды.

Дін жетекшілерінің съезінде Назарбаев интернеттегі желілік ресурстарды айыптады» атты мақалаға жазылған пікір)

АУЫЛДЫҢ ҚАЗАҒЫ

Жемқорлықтан көз аша алмайтын болдық қой! "Қазақгейтті" қайынатасы бастап беріп еді, одан кейін "Рахатгейт", енді міне "Тимургейт"! "Гейттерден" құтыла алмайтын болдық ақыры! Ендігі "гейттер" ұршайтанның қыздарының атымен, сосын тоқалдарының атымен аталатын шығар амандық болса әрман қарай?..

Eni компаниясы «Қазақстанға пара берді» деген айыппен істі болды» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Қазіргі заман ұйықтайтын заман емес болып тұр ғой. Тіпті теріс қарап, тонқайуға да болмайды, бұл Қазақстан деген түрмеде.

Полицейлерге бес-жеті жыл аралығында жаза кесілді» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG