Accessibility links

Қазақстан блогшылары референдумға қарсы қол жинап жатыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Блогерлер президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді жақтап қол жинау барысында байқалған заң бұзу фактілерін тіркейтін арнайы форум ашты.


Қазақстанның әр аймағындағы блогерлер қол жинау науқанының қаншалықты заңды түрде жүргізіліп жатқанын хабарлап отырады. Блогерлер: «Сіздің облыста, қалада, кентте кім қалай қол жинап жатыр? Әкімдіктер не істеп жатыр? Әкімшілік ресурс қолданылып жатыр ма?» деген сауалдарға жауап іздейді.

САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ТАЛАП ЕТУ

Интернет желісіндегі референдумға қарсы қозғалыстың бастамашысы «Ар. Рух. Хақ.» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина «халық жаппай қорқынышпен өмір сүрген кезде ойды еркін жеткізудің жалғыз амалы интернет болып қалды» деп есептейді.

– Біз референдумға қарсы onlinepetition.ru сайтында электронды қол жинауды ұйымдастырдық. Референдум туралы әңгімені қоя тұрып, адал, еркін және әділетті сайлау өткізуді талап еттік. Президент Назарбаевқа және парламент депутаттарына арналған үндеуімізге 400-дей адам қол қойды, – дейді Бақытжан Төреғожина Азаттық радиосына берген сұқбатында.
Халықты мәжбүрлеп қол қойғызған.

Бақытжан Төреғожина референдумды қолдау жөнінде қол жинау барысындағы кемшіліктерді тіркеу туралы yvision.kz блог-порталы командасының үндеуіне Қазақстанның түрлі аймақтарынан үн қосқан блогерлердің де белсенділігін атап өтті.

– Қазақстанның әр аймақтарындағы блогерлер ондаған кемшіліктерді тіркеді. Бұл – қолдың қалай жиналғандығының көрсеткіші. Халықты мәжбүрлеп қол қойғызған, – дейді Бақытжан Төреғожина.

Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Интернеттегі референдумға қарсы қозғалыс ауқымы кеңи түсетін болады.

– Референдумға қарсы қол жинау жұмысы жалғасады. Жаңа, әмбебап сайт ашылады, – деді ол.

ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЗҒАЛЫС

Шымкенттік блогер Дина Байділдаева «елдің кері кетіп бара жатқанына қол қусырып қарап отырғанша, бұл заңсыздыққа қарсы қалай да қарсы тұрған артық» деп біледі.

– Мұның барлығы дұрыс емес деп айту керек, күресу керек, қарсылық білдіру керек. Бұл үшін интернеттің көмегіне жүгінеміз. Онда өз пікірімізді еркін айта аламыз, – дейді Дина Байділдаева.
Елдің кері кетіп бара жатқанына қол қусырып қарап отырғанша, бұл заңсыздыққа қарсы қалай да қарсы тұрған артық.

Құқық қорғаушы Ғалым Ақелеуов те интернетте референдум өткізуге қарсы петиция жариялауды бастады. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың бірігуіне, өз көзқарастарын қаймықпай айтуына сеп болады.

– Әлеуметтік желілер оған қоса жаңа пікірлестер табуға көмектеседі. Референдумға қарсы бұл қол жинау жұмысы онлайн режимде жүргізіледі. Азаматтардың интернет арқылы осылай белсенділік танытуы жаппай әлеуметтік қарсылықтардың өзіндік бір катализаторы болады деп сенеміз, – дейді Ғалым Ақелеуов.
XS
SM
MD
LG