Accessibility links

«Қыз алып қашу – салт емес, қылмыс» дейді заңгер


Қыз алып қашу. (Қырғызстандағы Қыздарды қорғау институты қоғамдық ұйымының көрнекі суреті).
Қыз алып қашу. (Қырғызстандағы Қыздарды қорғау институты қоғамдық ұйымының көрнекі суреті).

Қызды еркінен тыс алып қашу Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде әлі бар екенін айтқан әуелгі кейіпкеріміз «Бұл – ежелден келе жатқан қазақы салт» деп, оны жақтап шықты. Алайда мұндай оқиғаның құрбаны болған екінші кейіпкер өмірі өксігенін айтады.


«Қырғызстан халықаралық адам құқығын қорғау күніне орайластырып, 10 қарашадан бастап қыздарды зорлықпен алып қашып некелесуге қарсы бір айлық іс-шара бастады» деп хабарлайды Kabar.kg сайты.

Бұл іске халықаралық Equality Now құқық қорғау ұйымының қырғыз билігіне жолдаған үндеуі де себеп болуы мүмкін. Үндеуде қырғыздың жаңа билігіне «қыздарды ықтиярсыз алып қашып, некелесуді тыю керегі» айтылған. Қырғызстандық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, бұл елде жылына 16 мыңға жуық қыз өз еркінен тыс қалыңдық атанады.

Азаттық радиосы тілшісі «Қазақстанда бұл әдет қаншалықты тараған?» деген сауалға жауап іздеген еді.

«МЕНІ АЛЫП ҚАШҚАНЫНА ӨКІНБЕЙМІН»

Рина деп атауымызды өтінген келіншек осыдан бес жыл бұрын танымайтын біреулердің өзін «басып әкеткендігін» айтады.

– Әке-шешем Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісайында тұрады. Бір күні қалаға келе жатып автобуста екі жігітпен таныстым. Біреуі полиция формасын киген. Қалаға жеткеннен кейін олар такси ұстап, баратын жеріме жеткізіп салды, – дейді Рина.

Екі жігіт жаңадан танысқан қызға «Кешке келеміз, бізбен бірге түнгі қаланы аралаңызшы» деп өтініш айтыпты.

– Полиция формасын киген жігіттің есімі Нұрлан болатын. Қазіргі жолдасым. Шымкентті толық білмейтін мені айналдырып-айналдырып
Қырғызстандағы ұрланған қалыңдықтың келін ретіндегі міндеттерінің бірі. Маусым айы, 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырғызстандағы ұрланған қалыңдықтың келін ретіндегі міндеттерінің бірі. Маусым айы, 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
әкеп, ауласына бір-ақ кіргізді. Алғашында туладық, кейін әжелердің ақылымен көндік қой, – деп күледі Рина.

«Біздің Жетісайда көшеде кетіп бара жатқан қыз ұнаса, басып әкете беретін. Сондықтан мен бұған таңданған да жоқпын, шынымды айтсам, қатты ашуланған да жоқпын. Өйткені күндердің күнінде мені де біреудің алып қашатынын іштей сезетін едім» дейді ол.

Рина суретке түсуден үзілді-кесілді бас тартты. «Қазір Алматы қалалық ішкі істер бөлімінде жұмыс істеп жүрген жолдасымның қызметіне кесірі тиеді» деген сылтау айтты.

– Қазір екі кішкентайымыз бар. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Мені алып қашып кеткеніне еш өкінбеймін. Бір-бірімізді ұнатып кеттік. Ең бастысы – тіл табысып кеттік, – дейді Рина.

АҒАСЫНА ҚЫЗ ТАПҚАН ЖІГІТ

Ықтиярсыз тұрмысқа шыққандардың тағы бірі – Айжан. Ол осыдан тоғыз жыл бұрын танымайтын адаммен еріксіз некелесіпті.

Оның айтуынша, Қанат есімді бір жігітпен телефон арқылы ғана тілдесіп жүрген екен.
Сөйтсем, қасындағы жігіт ағасы екен. Маған әйел ала алмай жүрген ағасының атынан танысыпты.

– 2002 жылдың қысы болатын, – деп еске алады Айжан. – Біз Қанаттың досының туған күніне жиналған болатынбыз. Бірақ ол жоспар бойынша ұйымдастырылған кеш болып шықты. Оның бәрін қойшы, қорлығы – үйге кіргізгеннен кейін: «Кешір, Айжан! Қанат – мен емес, мынау!» деп, қасындағы жігітті көрсетті. Сөйтсем, қасындағы жігіт ағасы екен. Маған әйел ала алмай жүрген ағасының атынан танысыпты.

Айжанның айтуынша, осылайша алданып, босаға аттағаннан кейін «жаман атым шықпасын» деп сол үйде қалып қойыпты.

– Бәрібір бақытты бола алмадық. О баста «әке-шешемнің атына кір келтірмейін» деп, аттаған босағамда қалып қойып едім. Бірақ уақыт өте келе өкіндім. Жараса алмадық. Екі жыл болды, ақыры ажырасып тындық. Арамызда дәнекер нәресте де болмады, – деп күрсінеді Айжан.

«ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚОРЛАУДЫҢ БІР ТҮРІ»

– Қыз алып қашу-адамды психологиялық тұрғыдан қорлаудың бір түрі. Қазақ қыздары өте ұяң келеді – жігіттердің озбырлығына көніп, «құдай салды, мен көндім» деп отырып қалады. Ал шын мәнінде отбасының тұрақты болмауының бір себебі осында жатыр, – дейді «Психоанализ» орталығыны жетекшісі Анна Мергенбайқызы.

Өзі жетекшілік ететін орталыққа жәбір-жапа шеккен әйелдердің көп келетіндігін айтқан Анна Мергенбайқызы:

– Бірі күйеуі ұратынын, екіншісі енесімен тіл табыспайтынын, үшіншісі
«Психоанализ» орталығыны жетекшісі Анна Мергенбайқызы. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
«Психоанализ» орталығыны жетекшісі Анна Мергенбайқызы. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
мінездері үйлеспейтінін айтып келеді. «Неге?» деп ар жағын қазбаласаң – оны кезінде танымайтын жігіттің алып қашып кеткендігін айтады, – дейді.

«Қазақстанның қай өңірінде болмасын неке қиюдың тағы бір жолы – қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі күндегі қыз алып қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше» деген психолог оның бірнеше себебі барын айтты:

– Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты. Ал екіншісі – біз айтып отырған жабайы түрі. Оны біздің оңтүстікте «басып әкету» деп атайды.

«ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС»

Заңгер Нұра Тынысқызы Қазақстан заңында қыз алып қашуды жазалайтын арнайы бап бар екенін айтады.

– Әрине, қыз алып қашу – қылмыс. Ол Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша адам ұрлаумен теңестіріледі. Адам ұрлаушы төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас
Қыз алып қашуды айыптайтын үгіт кітапшалары. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
Қыз алып қашуды айыптайтын үгіт кітапшалары. Қырғызстан. (Көрнекі сурет)
бостандығынан айыруға жазаланады. Қыз алып қашу негізінен осы баптың 2-бөлігінің «а» тармағында көрсетілгендей, «алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен» жасалады. Мысалы, бұл топта қызды ұрлауға қатысқан жігіттің ағасы, жолдастары, тіпті, әкесі де болуы мүмкін. Олардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – дейді заңгер.

Статистика агенттігінің өкілі Айжан Қазақстанда ықтиярсыз неке қию оқиғалары сирек тіркелетінін айтты.

– Қыз алып қашу заңмен қудаланатындықтан мұндай оқиғалар аз болады. Сондықтан оған біз статистикалық зерттеулер жүргізбейміз және ешқандай мәлімет те жоқ, – деді агенттік өкілі.
XS
SM
MD
LG