Accessibility links

Мақта терген өзбектер

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында мақта теріп жүрген өзбекстандықтар шекарадан заңды түрде өтіп, көші-қон полициясына тіркелгендерін айтады. Ал ресми орындар мақта теруге көрші елден қанша адам келгенін айта алмады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында мақта теріп жүрген өзбекстандықтар шекарадан заңды түрде өтіп, көші-қон полициясына тіркелгендерін айтады. Ал ресми орындар мақта теруге көрші елден қанша адам келгенін айта алмады. ​Мақта егуші Айгүл Барболова әр өзбек азаматын күніне 1000 теңге беріп жалдап отырғанын айтады. Ал оларды "жалға беруші" қазақстандық "әр өзбек азаматы үшін 800 теңге аламын" дейді. Өзбекстан мигранттары тілшімен сөйлесуге құлықсыз.
Түгел оқыңыз

Өзбекстанның Әндіжан қаласынан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Алғабас ауылына мақта теруге келген мигранттар алқапта жұмыс істеп жүр.
1

Өзбекстанның Әндіжан қаласынан Алғабасқа мақта теруге келген әйел.
2

Алғабас ауылы тұрғыны, мақта егуші Ғалымжан Күлішев мақта теруге жұмыс күші жетпей жатқанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, «биыл мақта бітік шыққан». «Өткен жылғыдай құрт жоқ. Гектарына 20-30 центнерден өнім аламыз деп отырмыз. Тек мақтаны жауын-шашынға қалдырмай тездетіп жинап алсақ болды» дейді ол.
3

Мақта егушілер өзбекстандық мигранттардың қазақстандықтарға қарағанда мақтаны тез теретінін айтады. Қоқаннан келген өзбек қызы күніне 200 килограмға жуық мақта жияды. Оның бір жолғы терген екі қап мақтасы 31 килограмм шықты.
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG