Accessibility links

Қонаевтың 100 жылдығында Назарбаев қошеметке бөленді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевқа арналған салтанатты шарада сөйлеп тұр. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевқа арналған салтанатты шарада сөйлеп тұр. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Қазақстанға ұзақ жыл басшы болған Дінмұхамед Қонаевқа арналған салтанатты шарада сөйлегендер бірінен бірі асыра Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтап, «теңеуге сөз таппай қиналды».


Қаңтардың 12-сі күні Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Шараға мәдениет, өнер, қоғам қайраткерлерімен бірге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, сөз сөйледі.

– Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мәдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тәжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді. ...Оны тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«АЛТЫН УАҚЫТЫҢЫЗДЫ БӨЛГЕНІҢІЗГЕ РАХМЕТ»

Салтанатты шарада баяндама жасап, сөз сөйлегендер өздеріне берілген уақыттың жарымына жуығын төрде отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтауға арнады.

Ең әуелі Алматы қаласының әкімі, осы шараны жүргізіп отырған Ахметжан Есімов:

– Алтын уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін сізге үлкен ризашылық білдіруге рұқсат етіңіз, – деп, Назарбаевтан рұқсат сұрады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевқа арналған салтанатты шарада тұр. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевқа арналған салтанатты шарада тұр. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
​Президентке «халқымыздың әл-ауқатын арттыру, еліміздің ынтымақ-берекесін нығайту жолындағы қажырлы еңбегіңізге табыстар тілейміз» деген Ахметжан Есімов сөзді Дінмұхамед Қонаевтың замандасы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевқа берді.

– Сол кездегі республика басшылығы құрамында қазіргі егемен Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы, бүкіл әлем мойындаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек еткенін ерекше мақтанышпен айтамыз. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған біздің еліміз – бұрынғы СССР елдерін айтпағанда, бүкіл әлемде ең алда қарыштап келе жатқан елдердің бірі. Уақытыңыздың соншалықты тапшылығына қарамастан бүгінгі шараға қатысқаныңызға үлкен рахмет, – деді баяндама жасаған Сұлтан Жиенбаев.
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:35 0:00
Жүктеп алу

«ШЕКСІЗ РАХМЕТ»

Онан кейін мінберге шығып, 5 минутқа жуық сөйлеген Бибігүл Төлегенова сөзінің жартысын Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, қайта-қайта алғыс айтты.

– Бүгін жиынға келіп қатысып отырғаныңыз – баршамыз үшін үлкен мерей. ...Тәуелсіздік алғалы бері сіз талай ұлы тұлғаларды тірілттіңіз. Бұл сіздің биік парасатыңыз бен жасап жүрген өнегелі ісіңіз деп білеміз. Әсіресе сіздің өнер мен мәдениетке деген қамқорлығыңызды ерекше сезінеміз. Кеше ғана зиялы қауымды жинап, келелі кеңес өткіздіңіз. Ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет қайраткерлері сіздің қамқорлығыңызға бөленді. Сізге өнер адамдарының атынан шексіз рахмет, алғыс айтамыз, – дейді Бибігүл Төлегенова.
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:25 0:00
Жүктеп алу

«КЕМЕҢГЕР БАСШЫЛЫҒЫМЕН...»

Қазақстан ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов таяуда ғана Нұрсұлтан Назарбаевқа республика ғалымдары «жүз жылда бір-ақ рет берілетін» «Ғасыр ғұламасы» атағын бергенін еске салып өтті.

– Еліміздің тарихында ерекше орын бар ардақты азаматтарымыздың мерейтойларын осылайша тұңғыш президентіміз, елбасымыздың тікелей қатысуымен өтіп жүргенінің өзі қандай ғанибет. Сүйікті отанымыз – тәуелсіз Қазақстан өзінің тұңғыш президенті, елбасы, ғасыр ғұламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлік басшылығымен гүлдене берсін, – деп аяқтады Мұрат Жұрынов өз сөзін.
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:06 0:00
Жүктеп алу

Дінмұхамед Қонаевтың туған жері Балқаш өңірінен келген Ұзақбай Несіпбаев да «21-ғасырда тұрпаты бөлек қазақтың атын әлемге әйгілеген теңдессіз тұлға – сізсіз, қадірменді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы. Сол үшін тәңірге де, тағдырға да ризамыз» дегенде залдағы жұртшылық жабыла қол соқты.
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00
Жүктеп алу

Ал халықаралық Қонаев қорының президенті Елдар Асқарұлы Қонаевтың баяндамасы бүгінгі мадақтауларды орыс тіліндегі алуан түрлі әдеби көркем теңеулермен байыта түсті.
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:36 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG