Accessibility links

«Тұңғыш президент күні» әлеуметтік желіде араздық тудырды


"Президентті сүю"
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай Қазақ гуманитарлық заң университеті ректор Мақсұт Нәрікбаевтың бастауымен 3 мыңға жуық студент "Қазақстан президентіне деген сүйіспеншілікті паш етуге арналған" шара өткізді. Астана, 28 қараша 2013 жыл.

Президент күнін тойлауды жақтаушылар «Қазақстанның жетістігі – Назарбаевтың арқасы» дейді. Қарсыластары оларды «жеке басқа табынбауға» шақырды.

Желтоқсанның 1-інде өткен мемлекеттік мереке – «Қазақстанның тұңғыш президенті күнін» әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі бағалады.

«Газет, ТВ, радиодағы президент туралы тамсанған сөздер мен табынған фильмдерден шамалы сергиінші деп Facebookқа кірсең, «көреген де сарабдалдың» сансыз «адвокаттары» алдыңнан шығып, андағайлайды да отырады. Қайда барып бас сауғаласақ екен?..» деп жазады Facebook қолданушысы Сәкен Сыбанбай

«ПРЕЗИДЕНТІМДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН»

Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы көретінін айтқан пікірлер қараша айының 28-інде Астана қаласында өткен 3 мың студенттің «президентке сүйіспеншілігі» туралы акциясынан кейін көбірек жазыла бастады.

«Мен де Президентiмдi жақсы көрем және оны айтуға жасқанбаймын! Қателеспесем Сәбит Досановтын айтқаны бар «Президенттi түсiнде көрсе күлiп
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзіне арналған мереке кезінде жұртпен амандасып тұр. Астана, 1 желтоқсан 2012 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзіне арналған мереке кезінде жұртпен амандасып тұр. Астана, 1 желтоқсан 2012 жыл.
оянатындар бар» деп. Жалпы қазақтың көбi Елбасын жаксы көреді. Әсіресе халықтың тыныштығын тілейтіндер!» деп жазды Facebook қолданушы Досжан Ділдабай.

Оны Әйкерім Сейдеш де қоштап, «Бәрібір елбасының орнына Нұрағамыздан басқа адам елестемейді екен. Ойлаудың өзі қорқынышты» дейді. Ал Zhandos Kussain-ның сөзінше, «Басшыға бағыну – сүннет. Қарсы үру – жексұрын іштарлық һәм адамға да, Аллаға да ұнамсыз жайт».

Facebook қолданушы Тоқтар Жақаштың «жағымпаз деңіздер, басқа деңіздер, қазақтың көшін алға сүйреп, әлемге танытқан Тұңғыш Президент мерекесі құтты болсын» деген пікірін Оркен Кенжебек есімді қолданушы «елшіл, мемлекетшіл адамның көзқарасы, шын сөзі деп білдім» деп бағалайды.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі» Facebook қолданушылардың кейбірін араздастырды. Сакен Байкенов есімді Facebook қолданушы «президентті жақсы көретін» Досжан Ділдабайға «жолдастықтан айырылатынын» ескертті. Бұл әңгімеге президентшіл Оркен Кенжебек те араласып, Сәкен Байкеновтен «өзін де достықтан айыра салуын» сұрады.

«ТҮРКІМЕНБАШЫҒА КҮЛІП ЕДІК...»

Facebook әлеуметтік желісінде президент Назарбаевты мадақтаушыларға қарсы тарап та белсенді болды.

Kenzhetay Alihan есімді Facebook қолданушы «Жеке басқа табыну заманы СССР кезінде болыпты деуші еді, сіздер бізді қайтадан бастап жатырсыздар ғой. Қызық екен!» дейді президентті мақтаушыларға.
Бір кездері Ким Чен Ирге, одан кейін Түркіменбашыға күліп едік, енді кезек өзімізге де келді.
Саясаттанушы Расул Жұмалы.

Саясаттанушы Расул Жұмалы «Бір кездері Ким Чен Ирге, одан кейін Түркіменбашыға күліп едік, енді кезек өзімізге де келді. Мерекелеріңізбен!» деп кекейді.

Қоғамдық белсенді Айтқожа Фазылов «желтоқсан айын түгелдей мерекеге айналдырып», әр күнге бір шенеуніктің атын бере салуды ұсынады.

Тағы бір қоғамдық белсенді Серікжан Мәмбетәлин «Президентімізді құттықтаушылар онша болмады. Обама қайда, Рим папасы қайда? Қазіргі президенттердің ешбірінен құттықтау алмапты. Тіпті Лукашенко, Рахмон мен Путиннен де жоқ» деп мысқылдайды.

Бұл мейрамға қарсылар «мемлекеттік қызметкерлер мен оқу орындарының қызметкерлеріне президентті мадақтауға арнайы тапсырыс берілген» деген пікір
Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған шара. Астана, 1 желтоқсан 2012 жыл.
Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған шара. Астана, 1 желтоқсан 2012 жыл.
айтқан. Бірақ Арман Тазабеков есімді адам «Мен мемлекеттік қызметкермін, ешкім зорлаған жоқ, ол кісінің суретін қойып «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні!» деп жазып қойдым. Онда тұрған не бар? Елбасымыздың еңбегін дұрыс бағалау керек» деп жауап берді.

«1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш президенті күні» мемлекеттік мереке ретінде 2011 жылы желтоқсанның 10-ындағы заңмен бекітілген. Заңды қабылдаған Қазақстан парламенті депутаттары «Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болғанын», сондықтан президент күні мерекесі «азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсетінін» айтқан.

Бұл мереке Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы 1 желтоқсанда тойланған.
XS
SM
MD
LG