Accessibility links

Қазақстанның №1 өнерпазы


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра шертіп отырған сәті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра шертіп отырған сәті.

Қазақстан президентінің ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевты бірнеше әннің «авторы» ретінде жарнамалап жүр. Назарбаевтың әнге сөз жазатыны да белгілі.

Орталық Азия президенттері ұзақ мерзімге "төтеп беретіндерін" дәлелдеді. Тоқсаныншы жылдары билікке қатар келген олар постсоветтік республикаларды армансыз билеп келеді. Тек Қырғызстан басшысы ғана бұл тізімге кірмейді. Қырғызстан - аймақта заңға сай сайлау өткізе білген жалғыз мемлекет.

Бірақ аймақтағы кейбір елдердің автократ басшылары сайлауды даулы түрде өткізетіні өз алдына, олар өз түйіндемесін жыл сайын жаңа «өнерімен» толықтырып тұрады. Айталық, 1989 жылдан бері билікте отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты соңғы кезде президенттің шығармашылығын насихаттауға мән беріп жүр.

Ардагер президенттің ресми сайты жақында төрт әнді Назарбаев «шығарған» деп жариялады. Заң шығарушы мекеменің таптаурын пікірлерін талқандап, селфиден жалтарып, экономикалық дағдарысқа дайындалып жүріп Назарбаевтың әннің сөзін немесе әнін (немесе сөзі мен әнін қатар) қай уақытта жазып үлгеретіні белгісіз.

Президент туындыларының тізімінде екі патриоттық ән «Жерім менің» және «Елім менің» бар. Қалған екі ән – «Шұбарат» пен «Үшқоңыр» автордың балалық шағын, ата-анасы мен ауылын аңсаудан туған сағынышқа толы шығармалар.

Сайтта Назарбаевтың сүйікті әндерінің тізімі берілген жеке плейлист бар. Оған танымал қазақстандық патриоттық әндер және халық әндері қамтылған. Қазақстан президентінің сайты Akorda.kz пен оның Facebook парақшасы соңғы кезде Қазақстан әнұранының қосалқы авторы болып келетін Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылығы жайында жиі жариялап жүр.

75 жастағы Қазақстан басшысының көпшілік арасында ұлттық аспап – домбырада ойнап, ән шырқағанын әлеуметтік желіде жиі кездестіруге болады.

Назарбаев Орталық Азиядағы жалғыз ән шырқайтын билеуші емес. Қазақстанның энергияға бай көршісі Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов 2011 жылы Ашхабадта тіпті сахнаға шығып кетіп бір әнді өзі гитарамен сүйемелдеп тұрып шырқап берген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның да концерт кезінде орындаушыдан микрофонды жұлып алып, бірге шырқап жіберетіні бар.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов топ алдында ән салмаса да, би билеуге арланбайды.

Мирзо Салимов пен Фарангис Наджибулланың мақаласын ағылшыннан аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG