Accessibility links

Әблязовтің босауы Қазақстанға әсер ете ме?


Мұхтар Әблязовтің Франция түрмесінен босаған сәті. Париж маңы, 9 желтоқсан 2016 жыл.

Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов желтоқсанның 9-ы француз түрмесінен шықты. Франция оны экстрадициялау үкімінің күшін жойды. Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында саясаттанушы Айдос Сарым осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Францияда үш жылдан аса қамауда болған Мұхтар Әблязовтің бостандыққа шыққаны туралы желтоқсанның 9-ы күні туыстары хабарлады.

БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдан бері Францияда Украина мен Ресейдің "қаржылық алаяқтық" туралы айыптауы негізінде қамауда отырды. Ресей мен Украина Франциядан оны қайтаруды сұраған. Қазақстан билігі Әблязовті "банктің алты миллиард қаржысын жымқырды" деп айыптап, іздеу жариялаған. Әблязов бұл айыптауларды жоққа шығарып, өзінің "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бәсекелесі ретінде" қуғынға ұшырағанын мәлімдеп келеді.

"Жас түркілер" деген атпен белгілі болған іскер буын өкілі ретінде Мұхтар Әблязов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көзіне түсіп, әуелі КЕГОК компаниясын басқарып, 1998-2000 жылдары Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда министрі болып қызмет атқарды. Ол 2001 жылы демократия талап етуші саясаткерлер тобымен бірге биліктен кетті. Мұнан соң Әблязов қуғынға ұшырап, 2002 жылы алты жылға сотталды. 2003 жылы мерзімінен бұрын босаған ол Ресейде бизнеспен шұғылданды. 2005-2009 жылдар арасында Қазақстанға шақырылып, БТА банктің төрағасы болды.

Оның түрмеден шығуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Әблязовтің босауы Қазақстандағы саяси кеңістікке қалай әсер етуі мүмкін? Билік үнсіздігі нені білдіреді? Студия қонағы саясаттанушы Айдос Сарым осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG