Accessibility links

Франциядан локомотив алатын Қазақстан шетелге вагон сатуды ойлайды


Франциялық Alstom компаниясының Қазақстан үшін дайындаған электровоздары. (Сурет компанияның сайтынан алынды)
Франциялық Alstom компаниясының Қазақстан үшін дайындаған электровоздары. (Сурет компанияның сайтынан алынды)
Франция Қазақстанға жаңа техникалармен жабдықталған 295 электровоз жасап бермек. Бұл көлікті алатын «Қазақстан темір жолы» компаниясы өзі құрастырған вагонды шетелге сатуды жоспарлап отыр.

«Түрі тапсырыс беруші ел туының түсіне ұқсас электровоздардың көбі жүк тасымалдауға арналған. Көліктер Бельфор қаласындағы «Alstom Transport» қаласында дайындалды. Бұл техникалар Қазақстанда 2013 жылдан бастап пайдаланылады» деп жазады француздың L’Antenne.com сайты.

295 ЭЛЕКТРОВОЗҒА – 1,3 МИЛЛИАРД ЕУРО

Жаңа локомотивтер Қазақстанға 2012 жылы қараша айында келеді. Бұл көліктер баржа арқылы Страсбургтен Антверпен қаласына, одан әрі кемемен Санкт-Петербургке, одан соң темір жол арқылы Астанаға жеткізілмек.

Француз сайтының жазуынша, «Францияның Қазақстанға дайындаған локомотивтері өте сапалы, Цельсий бойынша –50 градус пен +50 градус аралығында жүре береді».

Веб-сайттың дерегіне қарағанда, Франция Қазақстанға 200 жүк локомотивін, 95
Франциялық Alstom компаниясының Қазақстанға жасап берген электровоздары. (Сурет компанияның сайтынан алынды)
Франциялық Alstom компаниясының Қазақстанға жасап берген электровоздары. (Сурет компанияның сайтынан алынды)
жолаушылар электровозын (жалпы құны 1,3 миллиард еуро) жасап беруі тиіс.

Alstom компаниясының сайтындағы дерекке қарағанда, «Қазақстанға арнап жасалған KZ8A жүк локомотиві – әлемдегі ең қуатты электровоз». Ол 9 мың тонна жүкті сағатына 120 шақырым жылдамдықпен сүйрей алады. Машинистің кабинасында микротолқынды пеш, тоңазытқыш бар, кабинаның едені мен жүргізушінің орындығына жылыту жүйесі орнатылған.

Франциялық компанияның жазуынша, KZ8A электровозының алғашқы 10 данасы Бельфорда жасалады, қалғанын Alstom-ның Астанадағы зауыты жасайды. Бірақ ол зауыт 2012 жылы 12 желтоқсанда ашылуы керек.

2012 жылы қазан айында франциялық Alstom мен қазақстандық «Локомотив» («Қазақстан темір жолы» компаниясының кәсіпорны) жолаушы таситын, KZ4AC деп аталатын 27 локомотивке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жетілдіру туралы шарт жасасқан. Қазақстан бұл қызметі үшін француз компаниясына 25 жылда 100 миллион еуро төлейді.

Француз компаниясы сайтындағы дерекке қарағанда, Астана мен Алматы арасында жолаушы тасуға тиіс KZ4ACs электрлі локомотивінің эксплуатация мерзімі – 3 жыл.

«АСТАНАДАҒЫ ЗАУЫТТА ТЕПЛОВОЗДАР ҒАНА ДАЙЫНДАЛАДЫ»

«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының айтуынша, «Францияда Қазақстан үшін дайындалып жатқан локомотивтер мүлде бөлек».

– Олар – ерекше электровоздар. Ал Қазақстан өз теміржолына керекті
Темір жол вокзалы. Астана, 16 қаңтар, 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Темір жол вокзалы. Астана, 16 қаңтар, 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
тепловоздарды Астанадағы локомотив құрастыру зауытында дайындайды. Бұл зауыт қазір тек «ТЭ33А» деген тепловоздар құрастырады, – деді ҚТЖ компаниясының өкілі Самал Наурызова Азаттыққа берген сұхбатында.

Астанадағы локомотив құрастыру зауыты 2009 жылы іске қосылған еді. Бұл зауыт жоспар бойынша жылына 150 тепловоз дайындауы тиіс.

– Астанадағы зауыт қазір толық жұмыс жасап жатыр. Биыл 90 вагон құрастырылды. Қазір тек жүк тепловоздарын дайындап жатырмыз. 2014 жылдан бастап жолаушылар тасымалдайтын локомотивтер құрастырыла бастайды, – дейді Самал Наурызова.

ҚТЖ қызметкерінің айтуынша, «Қазақстанда жасалған вагондарды шетелдер де сатып алуға ниетті».

– Алдағы уақытта Астанада құрастырылған вагондарды Финляндия, ТМД, Балтық жағалауы елдеріне экспорттау жоспарда бар. Сондықтан Францияға электровоздар жасатумен қатар, өзіміздің вагондарды да шетелдерге сатып пайда табу жағын ойластырып жатырмыз, – деді ҚТЖ компаниясының өкілі Самал Наурызова.

Компанияның дерегі бойынша, Қазақстан 2011 жылы тепловоздар құрастыруға 100 миллиард теңге бөлген. Ал 2015 жылға қарай бұл қаржы 300 миллиард теңгеге өседі деген жоспар бар.
XS
SM
MD
LG