Accessibility links

Қазақстанда түрме реформасы қалай жүріп жатыр?


Түрме ішіндегі асханаға кіріп бара жатқан тұтқындар. Алматы, 27 қазан 2015 жыл.

Түрмелерді қоғам тарапынан бақылау неге қиындап кетті? AzattyqLIVE тақырыпты «Түрмелердің халықаралық реформасының» Орталық Азиядағы директоры Азамат Шамбыловпен талқылады.

Қазақстанда 40 мыңдай адам түрмеде отыр. Құқық қорғаушылар мұның Орталық Азиядағы ең үлкен көрсеткіш екенін айтады. 1991 жылға дейін Қазақстан аумағында көптеген түрмелер салынды. Олардың кейбіріне 200 жылға тақаған және оларға әлі күнге кісі қамайды.

Елде түзету мекемесі аталатын 75 орын, 19 тергеу абақтысы бар. Бұл түрмелердің ешқайсысы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.

Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде неге түзету мекемелерін жаңартпады? Тұтқындар қазір қалай өмір сүріп жатыр, олар азаптаудан қаншалықты қорғалған, қалай тамақтанады, олардың денсаулықтарын бақылай ма? Неге түрмелерді қоғам тарапынан бақылау ісі кенжелеп келеді? AzattyqLIVE хабары бұл тақырыпты желтоқсанның 10-ы атап өтілетін Адам құқығы күні қарсаңында «Түрмелердің халықаралық реформасы» (Penal Reform International - PRI) аймақтық директоры Азамат Шамбыловпен талқылады.

«Түрмелердің халықаралық реформасының» (Penal Reform International — PRI) Орталық Азиядағы директоры Азамат Шамбылов.
«Түрмелердің халықаралық реформасының» (Penal Reform International — PRI) Орталық Азиядағы директоры Азамат Шамбылов.

Орыс тіліндегі хабарымыздың толық видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG