Accessibility links

«Саясатпен айналысқың келсе, бизнесіңді сат»


Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.
Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталов 1990 жылдардағы бизнес туралы, «түсінікпен өмір сүру» жайлы әңгімелейді.

Азаттық Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз адамдар» жобасын жалғастырады. 1990 жылдардың басынан бастап осы уақытқа дейін беделді, қоғамдық пікірдің жетекшісі болған саясаткер, музыкант, журналист, экономист, әртіс және танымал БАҚ өкілдерінен сұхбат аламыз. Жоба кейіпкерлері жаңа мемлекетте адам ретінде және маман ретінде алдына қандай мақсат қойғаны жайлы, 2016 жылы оның нәтижесі қандай болғаны туралы баяндайды.

Жобаның 21-сериясында кәсіпкер, қоғамдық тұлға, Raimbek Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов 1990 жылдардағы бизнестің ерекшелігі, табысты адамның атрибуты саналатын алтын алқа мен Қазақстанда жемқорлық болмаған кезеңді еске алады.

«БИЗНЕСКЕ КЕТКЕНІМДЕ ӘКЕ-ШЕШЕМ ЕСЕҢГІРЕП ҚАЛДЫ»

Вячеслав Половинко: – Совет Одағының тарауын қайда және қалай қарсы алдыңыз?

Райымбек Баталов: – Ол кезде мен Алматыда болдым. Бизнеспен айналысуды бастаған едім, оған қоса архитектуралық-құрылыс институтында оқып жүргенмен. Іске білек сыбанып кірісетін кез жетті. Бәріенді басталды, көзім жанып, құлшынып жүрген шағым. Қайтақұру кезеңі болды, кооперативке рұқсат етті.

Вячеслав Половинко: – Жас кезіңізде кооперативке кіріп үлгердіңіз бе?

Райымбек Баталов: – Жоқ, кооперативтік қозғалыс басталды дегенім ғой. Жекекәсіпорындар тіркеліп жатты, бұған дейін олай істеу мүмкін емес еді. Мен электроника сатуды мықтап қолға алдым.

Пётр Троценко: – 1991 жылы бизнес қандай еді? Енді ғана өне бастады ма?

Райымбек Баталов: – Әрине. Совет Одағы тарап жатты, жоспарлы экономика тас-талқан болды. Министрлік пен мекемелер қаулының бәрі Мәскеуден келетініне үйреніп алған болатын. Ұйымдастырутехникалары мен кеңсе тауарларына дейін солай еді. Әлбетте, соның бәрі құрдымға кетті, қираған астаумен ғана қалдық. Рубльбар, бірақ гиперинфляция басталды, адамдар не істеу керегін білмейді, бірақ жұмыс істеуді жалғастыру керек. Сол мемлекеттік жоспардың босап қалған орнын біртіндеп жаңадан пайда болған бизнес басты. Алғашқы қазақстандық бизнесмендердің бірінің Мир (Алматыдағы қазіргі Желтоқсан көшесі –ред.) мен Шевченко көшелері қиылысында қойма пәтері болды. Олжерден сенім жүктелген студенттердің біразы ксерокс немесе факс алып, сата алатын.

Вячеслав Половинко: – Оны қайда саттыңыздар? Өз адамдарыңызға ма?

Райымбек Баталов: – Жоқ, ұйымдарға жүгіріп, ұсыныс жасап, таныстарымыз арқылы әрекет еттік. Ол кезде қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның айырмасы үлкен еді. Гиперинфляция кезінде 1994-95 жылдарға дейін жұмыс схемасы былай болатын: қолма-қол ақшасыз алып, оны ақшаға айналдырып, тауарды арзанға сатып алып, қайтадан қолма-қол емес ақшаға сататын. Елдің бәрі осылай әрекет етті.

Пётр Троценко: – Бизнеспен айналысуды бастаған кезіңізде туыстарыңыз бен таныстарыңыз оған қалай қарады? Бизнесмендер мен алыпсатарларды бірдей көруші ме еді?

Райымбек Баталов: – Әке-шешем есеңгіреп қалды. Жеке өмір сүруге шешім қабылдадым. Әрине, үйден қуған жоқ, өзім солай шештім. Ата-анам үзілді-кесілді қарсы болды: біріншіден, оларға ештеңе айтпадым, екіншіден, уақытымды оқуға емес, түсініксіз іске жұмсап жүргенімді білді. Әрине, олар қатты абыржыды, мен оларды түсінемін.

Вячеслав Половинко: – Қорқыныш та болға шығар.

Пётр Троценко: – Алыпсатарларды түрмеге қамаған кезді ұмытқан жоқ қой.

Вячеслав Половинко: – Оған дейін екі жыл бұрын Алматыда «цеховиктерді» (астыртын кәсіпкерлер) атып тастаған еді.

Райымбек Баталов: – Ол кезде үлкен ағам Асқар Баталовтың «ИнтерАзия Спорт» деген компаниясы болатын. Мен оның мөрін қолданып, алғашқылардың бірі болып рубльді валютаға конверсиялап, келісімшарттар бойынша жібердім. Мысалы, мен электроника сатып алған сингапурлық компания немесе Olivetti (ұйымдастыру техникаларын өндіруші италиялық компания – ред.) қайран қалды, себебі ол кезде ақша екі-үш ай жүретін, банктерде «свифт» болмады (SWIFT — ақша аударымының халықаралық жүйесі – ред.).

«ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЛҒАН ЖОҚ. БІР ҚОРАП КӘМПИТ ПЕН БІР БӨТЕЛКЕ ШАМПАН БОЛДЫ»

Пётр Троценко: – Ол кезде бизнес туралы білімді қайдан алдыңыз?

Ол бизнес үшін алтын кезең еді, кеден мен салықшылар... Ешқандай жемқорлық болмады – бір қорап кәмпит пен бір бөтелке шампан беріп құтылатынбыз.

Райымбек Баталов: – Шынын айтқанда, ешқандай білімім болмады. Жаңа дүниелерді, схемаларды қағып алуға тырыстым. Ақшаны қолма-қолға ауыстырып оған техника сатып алғаннан көрі өндірушіден сатып алудың арзанға түсетінін жақсы түсіндім. Көп нәрседен хабарсыз болдық, мысалы, техниканы қалай кеденнен өткізуді білмедік. Бірақ шын мәнінде, ол бизнес үшін алтын кезең еді, кеден мен салықшылар... Ешқандай жемқорлық болмады – бір қорап кәмпит пен бір бөтелке шампан беріп құтылатынбыз. Оның өзін сыйлық ретінде бердік.

Пётр Троценко: – Жемқорлық та бизнес тәрізді өне бастаған еді, кейін олар бірге дамыды.

Райымбек Баталов: – Иә, ол – табиғи құбылыс.

Вячеслав Половинко: – Архитектор студенттен бизнесменге өту кезеңі қалай болды?

Райымбек Баталов: – Академиялық демалыс алдым, ата-анам оған қатты қиналды. Оларды түсінуге болады, мен де өз балаларыма «алдымен институтты бітір» дер едім. Қазір заман басқа, ол кезде күн сайын жаңалық болып жатты, көзім жанып, бірдеңе істегім келіп тұрды. Алғашқы милионымды әкелген кезде ата-анамның көңілі орнығып, бәрі дұрыс екеніне көздері жетті.

Пётр Троценко: – Бірінші миллион рубльмен бе, әлде теңгемен бе?

Райымбек Баталов: – Әрине, рубльмен.

Вячеслав Половинко: – Шетелдік әріптестер сізбен қарым-қатынас жасаған кезде жасы 20-дан енді асқан және елінде түсініксіз үрдістер болып жатқан адаммен жұмыс істеп жатырмыз деп алаңдамады ма?

Райымбек Баталов: – Алдын ала төлем жасаған кезде ешкім ешқандай сауал қоймайды. Қарым-қатынас жасау қабілетім әркез өте жақсы болатын, сондықтан сингапурлық жабдықтаушылармен, Olivetti компаниясымен және басқа да құрылымдармен жылдам байланыс орнаттым. Жастығыма қарамастан еш мәселе туындамады.

Вячеслав Половинко: – Алғашқы «Достық» дүкеніңізді ашқан кезде ашылу үрдісі қалай өтті? Әкімдік немесе әкімшіліктен біреулер қатысты ма?

Райымбек Баталов: – Жоқ, о не дегеніңіз! Қайдағы әкімдік, қандай мемлекет? Бұл екеуі екі бөлек әлем еді, әкімдік кәсіпкерлерге пысқырып та қарамайтын. Ал милициямен достасу керек болды, себебі түрлі топтар саңырауқұлақ тәрізді қаптап кетті, бұл туралы бірнеше рет айтқанмын. Рыжий Алмастың бір өзінен (қазақстандық қылмыстық әлемнің беделді басшысы, 1998 жылы өлтірілді – ред.) 18 түрлі бригада келді.

Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.
Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.

«ШЕКТЕН ШЫҒУ БОЛМАДЫ, ОЛ ҮШІН СЕНІ МӘЖБҮРЛЕУ КЕРЕК ЕДІ»

Пётр Троценко: – Кіммен достасқан тиімді еді – милициямен бе, бұзақылармен бе?

Райымбек Баталов: – Біздің менталитетіміз Ресейден қатты ерекшеленеді, Шығыстың аты Шығыс. Бұл тұрғыдан алғанда жолымыз болды, қаламыз кішкентай, еліміз шағын, бәрі бір-бірін біледі. Бұзақылардың біразын мектептен, спорттық интернаттан бастап таныдым. Сондықтан жолым болды, маған ешкім тиіспеді. Милициямен де жақсы қарым-қатынас орнаттық – олардың бейне камера алуына көмектестік. Ол кезде милиция да бюджеттегі қызметкерлер тәрізді аш-жалаңаш болатын. Олардың бәрі қалай жұмыс істегенін білмеймін. Көліктеріде, техникалары да жоқ еді, бейне камера мен аппаратура алуға жаңадан пайда болған баспасөз құралдары ғана емес, милиция да келетін.

Пётр Троценко: – Ақысын қалай төледі? Сізді бұзақылардан қорғады ма?

Райымбек Баталов: – Енді қандай да бір мәселе болып жатса, қоңырау шалатынбыз, милиция жетіп келетін.

Вячеслав Половинко: – 90-жылдары сіздің ешбір «атысқа» қатыспағаныңыз таң қаларлық.

Райымбек Баталов: – Ішінара болды, әріптестерім талай рет ондай істерге барып келді...

Вячеслав Половинко: – Фильмдерде көрсетілетін көріністерге ұқсай ма?

Пётр Троценко: – Шөл далада былғары күрте киген, суық түсті, мығым денелі жігіттер кездеседі.

Мен қолма-қол ақшасыз сауда жасап, электроника саттым, сондықтан бізбен заңды әрі өркениетті қарым-қатынас жасады.

Райымбек Баталов: – Бәрі былғары күрте киетін, мығым денелі жігіттер еді. Бірақ шектен шығу болмады. Оның үстіне біз әлдебір алаяқтар немесе астыртын жұмыс істейтін кәсіпкерлер емес едік, көпшілікке танымал компания болдық. Көлеңкелі бизнеспен айналысқандардың жағдайы ауыр болды деп ойлаймын. Мен қолма-қол ақшасыз сауда жасап, электроника саттым, сондықтан бізбен заңды әрі өркениетті қарым-қатынас жасады.

Пётр Троценко: – Ол уақытта заңсыз бизнес не еді?

Райымбек Баталов: – Құмар ойындары бизнесі, арақ сату, Қытай арқылы өту, ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастау мәселелері.

Вячеслав Половинко: – Сол кезде бизнесмендерді өлтіру басталды ғой, бірақ олар Қазақстанға сәл әсер етті.

Райымбек Баталов: – Иә, бізді Ресеймен салыстыруға келмейді. Ресей қанға батып жатты, олардың ұстанымы түсінікті еді: адам болса, мәселе бар, адам жоқ болса, мәселе де жоқ. Ал бізде алдымен ұзақ сөйлесетін. Қазақтар туралы анекдот бар: «оларды ататын болсаң дереу атып тастау керек, сөйлесе бастасаң туысыңды, танысыңды табасың, солайша ештеңе істей алмай қаласың» деген. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның жолы болды.

Вячеслав Половинко: – Бірақ басқаларды атып кетіп жатты. Үрейленген жоқсыз ба? Оққағарыңыз болды ма?

Райымбек Баталов: – Біраз уақыт оққағар ұстадым, сол кезде сәнге айналған құбылыс еді. Өзім жас едім, күні-түні жұмыс істедік, үнемі біреулер келетін – қонақтар, әріптестер, жаңа әріптестер. Жұмыс кестесі былай еді: жұмыс істейсің, одан кейін мейрамханаға барасың, сондықтан күзетті біреуден қорғану үшін емес, жұмыстан тыс уақытта сенімді болу үшін ұстадық.

Пётр Троценко: – Яғни нақты қауіп-қатер мүлдем болмады ма?

Райымбек Баталов: – Қауіп төну үшін оған қолайлы жағдай жасау керек, себебі болуы керек.

Пётр Троценко: – Уақыттың өзі жағдай жасады ғой.

Райымбек Баталов: – Жоқ, шектен шығу болмады деп тұрмын ғой. Олүшін сені қыспаққа алу керек еді, тауарымды және компаниямды жоғалтып аламын деп қорқуың керек еді.

«АЛҚАСЫ НЕҒҰРЛЫМ ҮЛКЕН БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ МЫҚТЫ САНАЛДЫ»

Пётр Троценко: – 90-жылдары ісі оңға жүрген адамның материалдық атрибуты қандай еді? Қоғамның алдында табысты көріну үшін және өзін солай санау үшін адамда не болуы керек еді?

Вячеслав Половинко: – Жүзік, ұялы телефон...

Райымбек Баталов: – Алқа. Неғұрлым үлкен болса, соғұрлым мықты саналатын.

Вячеслав Половинко: – Сіз де тақтыңыз ба?

Райымбек Баталов: – Біраз уақыт тақтым (Күледі). Бірақ басқаларға көрсетпедім. 1992 жылы алғаш рет шетелге барғанда Сингапурдан сатып алдым. Студенттік жылдары рубльге ресми түрде дүкеннен алтын сатып алдым, Балтық елдерінен келген жігіттер оны сәл қымбат бағаға сатып алды. Бізде алтын тапшы еді ғой. Дүкен сөрелері бос тұратын немесе тауарлардың бәрі бірдей еді, сондықтан Сингапурдағы дүкенге кіргенде есім шығып кетті – кез келген алқаны таңдап ала бересің.

Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.
Бизнесмен Райымбек Баталов. Алматы, 15 желтоқсан 2016 жыл.

Одан бөлек станциясы бар радиотелефоным болды, оны жүксалғышқа салып жүрдім, жақсы дүние еді. Қалалық телефоның бар, бірақ көліктен ұзап кетуге болмайды. Сонда не істеу керек? Көлікті үйдің немесе жұмыстың қасына қоясың, радиотелефоның әркез қасыңда болады. Бұдан соң үлкен Motorola шықты, «телефон будкасы» деп атайтын – ол да күшті еді.

Бірақ қызыл күрең түсті пиджагым болмады, оның орнына басқасын 1992 жылы сатып алдым. Мәскеуге келгенде қазақстандық бизнес өкілдері «Украина» қонақүйіне тоқтайтын. Қазірде барып жатсам, сол жерге түсемін. Сол жылдары (1991-1993) қонақүйде бізбен бірге шешендер де тұратын, олардың басшылары Мұса болды. Қазақтар шешендермен өте жақсы болды, Мұса бізге құрметпен қарады. Сосын олар «солнцеволық» топпен қақтығысып қалды. «Украина» қонақүйінде болсаңыз, ғимараттың алдында үлкен алаң бар екенін білетін шығарсыз. Сол алаңға бірнеше ондаған «сегіздіктер» мен «тоғыздықтардың» (солнцеволық топ), екінші жағына шешендердің тізілгенін көрдік. Бәрінің жүксалғышы толған қару еді, милиция жақындауға қорықты. Құдайға шүкір, атыс-шабыс болмады.

Бұдан соң біз «Измайлов» қонақүйіне ауыстық, жетінші қабатқа орналастық, ал тоғызыншы қабатта «қазандық» балалар тұрды. Бір күні үш автомат ұстаған адам баспалдақпен көтеріліп, «қазандық» топтың жетекшілерін атып кетті. Біздің жігіттер оны естіді. Содан соң қонақүйлерде тұрмау туралы шешім қабылдадық. Байқаусызда бөтен қабатқа көтеріліп кетсең, сені «куәгер» ретінде атып тастауы мүмкін еді.

Вячеслав Половинко: – 90-жылдары бизнес құрылымда әңгімелер басқаша айтылды ма? «В натуре», «чисто», «конкретно» дегендей.

Райымбек Баталов: – Жоқ, қазір қалай сөйлесем, бұрын да солай сөйлейтінмін. Бірақ 1990-шы жылдардың негізгі лексикасын игеру керек болды.

«РАХАТ МАҒАН: «РАЙЫМБЕК, ДОҒАР ЕНДІ» ДЕДІ»

Вячеслав Половинко: – 90-жылдардың ортасында «братандар» кетті, олардың орнына көп адам растағандай мемлекет келді. Өз ойындарымен біртінден бизнеске енді, жергілікті альянстар мен басқа топтар құра бастады. Мемлекет сізге қашан және кімнің сипатында келді?

Райымбек Баталов: – Маған ешкім келген жоқ. Еліміз бен қаламыз кішкентай ғой, бір-бірімізді білеміз, әкімдіктер мен министрліктерге бөтен адамдар келген жоқ. Компаниям танымал болғандықтан бізге демеуші болыңдар деп өтініш жасады. Мысалы, «Азия дауысы» фестиваліне қолдау жасауға немесе елбасымен бірге іссапарға шақырды. Біздің шағым айтқанымыз ұят болады, себебі мемлекетпен ауыр, керағар қарым-қатынаста болмадық. Әрине, түсінбеушіліктер болды, себебі билікке келген шенеуніктердің бірі бизнестің не екенін түсінсе, түсіне алмайтын жасқа жеткендер де болды.

Вячеслав Половинко: – Жарайды, нақтылап айтайын, Әлиев пен Құлыбаев (Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу балалары Рахат Әлиев пен Тимур Құлыбаев – ред.) келді ме?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиев. 2007 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиев. 2007 жыл.

Райымбек Баталов: – Жоқ. Айта кетерлігі, Тимурмен қазірге дейін жақсы араласамыз. Жалпы, Тимур – қалыпты, өркениетті бизнесмен, ешкімнің ісіне араласқан жоқ, өз саласы болды. Рахатпен де жақсы қарым-қатынаста болдық, алайда Меркі қант зауытында біз бәсекелес болдық. Бірақ ол мені «қорқытқан» жоқ, тікелей айтты: «Райымбек, сен доғар енді. Сенімен бәсекеге түскен маған қолайсыз» деді. Әрине, тұспалдап жеткізді. Бірақ қатты қақтығысқан жоқпыз, бұл бизнестен кетуім керек екенін өзім де түсіндім. Ол зауытты іске қосу үшін бірнеше жыл кеткен еді. Зауыттың өзі тоқтап тұрған болатын. Қалпынакелтіруге көп қаржы кетті. зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін де қаражат құйдық. Қант құрағын алу үшін шетелге өзім барғанмын... Жалпы, зауыттан кетуге мәжбүр болдым, ақыры жақсы болмайтын болды.

Пётр Троценко: – Президентпен қарым-қатынасыңыз қандай? Қандай жағдайда кездестіңіз?

Райымбек Баталов: – Ол біздерді (кәсіпкерлерді) АҚШ-ға барған алғашқы сапарында өзімен бірге алып кетті, сол үшін бізді жинады. Президентке жақсы қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын, балапандары тәрізді бізді өзімен алып жүрді. Ірі бизнестің не екенін кең түсіну үшін, қалыптасып, өсу үшін шетелге жасаған сапарымыз қатты көмектесті. Олжақта өте ірі инвестициялық қорлармен, трансұлттық компаниялармен кездесіп, олардың бизнеске қатысты көзқарастарын білдік. Ондай қарым-қатынасты ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Президентпен бірге ұшқан қазақстандық бизнесмендер үшін бұл жақсы бизнес-университет болды.

Вячеслав Половинко: – Ресейде 1990-2000 жылдары «олигархтардың бизнестен біркелкі алыстауы» атты формула пайда болды. Олардан тек бизнеспен айналысып, саяхатқа мүлдем араласпауды талап етті. Қазақстанда билік кәсіпкерлердің ешбір партияларға көмектеспеуін, өз істерімен айналысуын талап еткен жағдайлар болды ма?

2002 жылы достарымның ұсынысымен кәсіпкерлер форумын басқардым, оның саясатқа қатысы жоқ.

Райымбек Баталов: – Ондай әңгімелер жасы үлкен әріптестеріме айтылды. Бірақ мен әркез бизнестің мәселелерімен айналыстым. 2002 жылы достарымның ұсынысымен кәсіпкерлер форумын басқардым, оның саясатқа қатысы жоқ, экономика мен шағын және орта бизнестің мүдделерін қорғауға ұмтылады. Әрине, ережелер болды, бірақ мен одан алшақ жүрдім.

Вячеслав Половинко: – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысына қалай кірмей қалдыңыз? Ол кезде бизнесмендердің бәрі соған мүше болды ғой.

Райымбек Баталов: – Жаппай кірді деп айтпас едім. Ол жерде бір топ болды. Олардың бәрі менің достарым, саналы түрде барды, өзіндік себептері болды. Мен өз бизнесіммен, ісіммен айналыстым. Біз дос болдық, болып та келеміз, бірақ олар бұл мәселені өздерінше шешті.

Пётр Троценко: – Демек сізді ҚДТ-ға қосылуға шақырған жоқ қой?

Райымбек Баталов: – Жоқ.

Вячеслав Половинко: – Шақырса, барар ма едіңіз?

Райымбек Баталов: – Дәл сол кезде не істерімді қазір айта алмаймын. Нақты білетінім – мен бизнеспен көбірек әуестендім, бұл мәселе туралы ойланбадым. Саясатпен айналысып, шенеунік болуға еш ниетім жоқ, болған да емес. Әрине, қаласам, ол жаққа өте алатын едім. Кәсіпкерлер палатасының төрағасы, кәсіпкерлердің ұлттық палатасының президиум мүшесі, премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болу арқылы өз үлесімді қосып жатырмын. Өз уақытымды бизнеске қатысты заңнамаларға ұсыныстар мен нұсқаулар жазуға арнаймын, әкімшілік кедергілерді азайтып, бизнесті жақсарту бағдарламаларын әзірлеуге қатысамын. Бірақ саясатпен айналысқың келсе, бизнесті сатып, президент пен мемлекетке көмектесіп, біржола айналысу керек деген ойдамын.

Пётр Троценко: – Кейбір елдерде екеуін бірге ұстап жүргендер бар.

Вячеслав Половинко: – Қазақстанда да көп адамдар солай істейді.

Райымбек Баталов: – Солай шығар, бірақ менің пікірім басқадай. Әр мемлекетте жағдай әртүрлі, бізде осылай қалыптасты, әр адамның өз көзқарасы бар ғой.

«ҚАЗІР ТҮСІНІК АЗ! ЖАҚСЫ МАҒЫНАСЫНДА АЙТЫП ТҰРМЫН»

Пётр Троценко: – Экономикаға қайтадан оралсақ: 1998 жылғы дағдарыс бизнеске қалай соққы берді?

Райымбек Баталов: – Әрине, ол бізге кесірін тигізді, салмағы ауыр болды. Бірден «Кім нені жоғалтады?» деген сауал туды. Еш дүниең жоқ болса, қорқатын да түк жоқ. Капитал жинап алған болсаң, шығынға кірдің деген сөз, бұл бизнеске теріс әсер етті. Біздің компания бірнеше дағдарысты бастан өткерді, 2017 жылы ақпанның 4-інде 25 жасқа толамыз.

Вячеслав Половинко: – 90-жылдарға тән қандай бизнес қағидаларды қазір кездестіре алмаймыз?

Кейбір кәсіпкерлердің қазіргі әдісімен 90-жылдары аман қалу қиын болатын еді.

Райымбек Баталов: – Түсінік жоқ! Жақсы мағынада айтып тұрмын. Намыс, абырой, адамгершілік, уәдеде тұру деген түсінік жоғалды. Қандай да бір уәде берсең, сөзіңде тұр, соққыға төтеп бер, ұстанымыңды өзгертпе. Кейбір кәсіпкерлердің қазіргі әдісімен 90-жылдары аман қалу қиын болатын еді.

Вячеслав Половинко: – Бизнесмен ретінде де, адам ретінде де.

Райымбек Баталов: – Әрине. Түрмеге апарып тығатын еді.

Вячеслав Половинко: – 90-жылдармен салыстырғанда бизнес ашу қазір қаншалықты қиын?

Райымбек Баталов: – Қиындық жағынан алғанда айтарлықтай айырма жоқ. 90-жылдардың басында күрделі болды, бәрі ауыр соқты, білім де, тәжірибе де болмады. Өз түйсігіне сүйенген соқыр марғаулар тәрізді болдық. Бірақ оң жақтары да болды: «Райымбекті» тіркеу оңай болды – анықтамалар жинап, өткізе салдық.

Вячеслав Половинко: – Бір жәшік шампан бердіңіздер.

Райымбек Баталов: – Жоқ, жәшік емес, бір бөтелке шампан, бір қорап конфет. Қазір де кәсіпорынды тіркеу оңай, бірақ жабу қиын.

Пётр Троценко: – 90-жылдарды қайта көргіңіз келе ме?

Райымбек Баталов: – Жиырмадан енді асқан кезім еді, қуана-қуана көрер едім. Жақсы кез еді! Біздің буынның жолы болды деп – советтік кезеңді, қайта құруды, Совет Одағының тарауын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын көрдік, қоғам, мемлекет пен бизнес кемеліне келген қазіргі кезді көріп отырмыз.

Сұхбатты орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG