Accessibility links

Нашақорларды реабилитациялау орталығы журналисті сотқа берді


«Взгляд на события» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев.
«Взгляд на события» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев.

Қарағанды облысында екі ұйым арасындағы дауды жазған журналистің өзі дауға қалды.


«Взгляд на события» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев «өсек-аяң таратып» «ар-намысқа тиді» деп айыпталды.

Шағым иесі – Қарағанды облысындағы «Нашақорлар мен маскүнемдерді реабилитациялау рухани орталығының» төрағасы Юрий Морозов. Оның сотқа шағымдануына осы облыста тарайтын «Взгляд на события» газетінде жарық көрген екі мақала түрткі болған.

«ЖАЛҒАН АҚПАРАТ»

Бірнеше ай бұрын шыққан бұл мақалаларда Нашақорлар мен маскүнемдерді реабилитациялау орталығы және «Шаңырақ агрофирмасы» ЖШС арасындағы дау баяндалған. Дау реабилитациялау орталығы иемденіп отырған жерге «Шаңырақ агрофирмасының» да таласқанынан өрбіген.

2011 жылы ақпанның 23-інде жарияланған «Дела бездуховные» атты бірінші мақалада даудың жай-жапсары, сонымен бірге орталық жетекшісі Юрий Морозовтың айтқандары баяндалады.

Ал 2011 жылдың 9 наурызында басылған «Он и так живет по-барски» атты мақалада екінші тарап – «Шаңырақ агрофирмасының» пікірі басылған
Реабилитация орталығының өкілі Игорь Скурихиннің айтуынша, «әсіресе осы екінші мақала Юрий Морозовтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді»

екен. Бұл мақалада ауыл шаруашылық фирмасының атынан Екатерина Евсюкова сөйлеген.

Реабилитация орталығының өкілі Игорь Скурихиннің айтуынша, «әсіресе осы екінші мақала Юрий Морозовтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді».

– Міне, осы екінші мақалада Юрий Морозовқа күйе жағып, оның жұмысшыларына жалақы төлемей, еңбектерін жегенін, агрофирманың жерін тартып алып, картоп еккенін, оған қоса қоғамдық ұйымның бөлімшесі жоқ екенін де айтады. Мұның бәрі – шылғи өтірік. Олар өздерін қорғау үшін осылай айтып отыр, – деді Игорь Скурихин маусымның 21-і күні Азаттық тілшісіне.

Ол журналистің мақаланы біржақты жазғанын айтып, ақпараттардың рас-өтірігін тексермегені үшін кінәлайды. Журналист алғашқы мақалада азаматтардың есімін дұрыс көрсетпегенін де айтады.

Игорь Скурихин осыған дейін айыпталушыға «қателіктерін қоғам алдында мойындап, ақпаратты терістеу» туралы шарт қойғанын, бірақ ол шартқа журналистің келіспегенін де еске салды.

Шағым иесі Юрий Морозов соттан Фархат Кинжитаевты Қылмыстық кодекстің 129 және 130- баптары бойынша («Жала жабу» мен «Ар-намысына нұқсан келтіру») қылмыстық жазаға тартып, бұған қоса моральдық өтемақы ретінде 1 миллион теңге өндіріп беруін сұрап отыр.

«ЖЕКЕ ПІКІРІМДІ АЙТҚАН ЖОҚПЫН»

Ал «Взгляд на события» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

– Біз өз айыбымызды мойындамаймыз, себебі екі тараптың көзқарасын беріп қана қойдық. Жеке пікірімізді айтқан жоқпыз, – дейді Фархат Кинжитаев.

Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдейтін материалдың жеткілікті екенін алға тартып, «терістеу» туралы шартпен келіспейтінін айтты.
Ганна Красильникова, "Әділ сөз" қорының заңгері. Алматы, 4 мамыр 2010 жыл.

– Егер де бұл мәселеге тереңірек үңілсек, керісінше Морозов мырза мен орталықтың өзіне қоятын мін табылады, – дейді журналист.

«ӘРКІМ ӨЗ СӨЗІНЕ ЖАУАП БЕРСІН»

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының заңгері Ганна Красильникованың айтуынша, мақалада адамның ар-намысын қорлайтын, заңға қайшы нәрселер жоқтың қасы.

Мақалалар журналистика ережелеріне сәйкес жазылғанын алға тартқан заңгер «тіпті автор өзін жанжалдан алшақ тұрғысы келген ниет байқатқанын» да айтады.

– Екінші мақалада Евсюкова қосалқы автор ретінде көрінген. Мұнда оның айтқандары тікелей төл сөз ретінде беріледі. Бұл жерде журналистің өзінің бірде-бір пікірі жоқ. Журналист диктофонға жазып отырған кезде Евсюкова оның қоғамға тарайтынын білген. Сондықтан әркім – қосалқы автор да, журналист те өз сөзіне жауап беруі тиіс, – дейді Гана Красильникова.

Ганна Красильникова мәселеге «Әділ сөз» араласатын болса, соттан текстологиялық сараптама жасауды сұрайтынын айтады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG