Accessibility links

Владимир Ким «Қазақмыс» басшылығынан кетеді, бірақ компанияда қалады


Владимир Ким Владимир Ниді жерлеу шарасы кезінде марқұмның портретінің жанында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Владимир Ким Владимир Ниді жерлеу шарасы кезінде марқұмның портретінің жанында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.

«Қазақмыс» директорлары кеңесінің төрағасы Владимир Ким өз өкілетін директорлар кеңесінің тəуелсіз төрағасына табыс ететіндігі жайлы шешімін жария етті» деп хабарлайды компанияның ресми сайты. Ал Ким компания жұмысына «белсенді қатысып жүре беретінін» айтты.

Бұл қызметті 2005 жылдан бастап атқарған Владимир Ким «өкілеттіктерін табыс еткен соң бұрынғыша директорлар кеңесінің құрамында атқарушы емес директор ретінде топтың қызметінде белсенді қатысып жүретінін», компаниядағы өзіне тиесілі акциялар пакетін «қысқартуға ниетті емес» екенін айтқан.

«Қазақмыстың» баспасөз мәліметіне қарағанда, компанияның «директорлар кеңесі жаңа кандидатураны іріктеу процесін дереу бастап, келесі жалпы акционерлердің жылдық жиналысына дейін өкілеттіктерді табыс ету процесін аяқтауды жоспарлап отыр».

ЖЫЛДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ 1,68 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА КЕМІГЕН КИМ

Businessweek басылымы сәуірдің 16-сы күні «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Кимнің де биылғы жалақысы өндіріс орнының пайдасы кеміген соң өсірілмей тасталды деген хабар таратқан еді.

Басылымның жазуынша, компанияның жылдық есебінде биылғы шілдеге қарай Владимир Кимнің жылдық жалақысы 1,68 миллион АҚШ доллары көлемінде өзгермеген күйі қала береді деп жазылған. Былтыр бір жылдың ішінде Ким
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
әлеуметтік қолдау мен бонустарды қоса есептегенде 2,8 миллион АҚШ доллары шамасында еңбекақы алған.

Әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі соңғы жылдың қорытындысы бойынша акциялары 40 пайызға кеміді деп мәлімдеген.

Лондон қор биржасының FTSE 100 индексінің қатысушысына айналған компания биылғы наурыздың 27-сіне қарай бір жылдық табысы 36 пайызға кемігені туралы хабарлады. Компания иелігіндегі мұнай өндірісімен айналысатын департаментін сатқан соң шығынын қайта есептеп, осындай қорытынды жасаған. Мұнай компаниясын сату алдында «Қазақмыс» оны жөндеуге 472 миллион АҚШ долларын жұмсағанын, өндіріс орны тоқтап тұрған кезде шығынға батқанын жазады.

ЖҰМЫСШЫЛАР: «АЙЛЫҒЫМЫЗДЫҢ ЕҢ АЗЫ БІР МЫҢ ДОЛЛАР БОЛСЫН»

Мамырдың 5-і мен 6-сы күндері «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Анненский кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны шахтаға түскен адамға
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)
ең азы 150 мың теңге (1 мың АҚШ доллары шамасында), ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мың теңгеге дейін көтеруді талап еткен.

«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған аймағы бойынша PR-менеджері Елена Шальнова 6 мамыр күні «Анненский кенішінің жұмысшыларына тағы екі – Шығыс-Жезқазған және Оңтүстік кеніштерінің жұмыскерлері қосылды» деп мәлімдеген.

Іле-шала «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Эдуард Огай жұмысшылардың талаптары толығымен орындалатынын айтып, жазбаша келісім бергені хабарланды.

Reuters ақпарат агенттігі мамырдың 6-сы күні «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшыларының орташа айлығы – 240 000 теңге (1 мың 622 АҚШ доллары), бұл – елдегі орташа жалақыдан үш есе көп» деген ақпарат таратты.

НИ, КИМ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚМЫС»

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі болған Владимир Ни кезінде «Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің құрамына
Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
кірген еді. Владимир Ни қайтыс болған соң Владимир Ким компания акцияларының 11 пайызын Қазақстан үкіметіне сатқан.

Осы оқиғадан соң халықаралық Global Witness ("Глоубал Уитнес") ұйымы «Қазақмыс» басшысының акция сату шешіміне қатысты анық мәлімет сұраған болатын. Ұйым Владимир Ким акцияларын «Қазақмыстың» аз үлесті акционерлерімен кеңеспей сатып жіберді деп жазған.

Қазақстанда «Қазақмыстың» 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар. Компания 2011 жылы қазған кенінен 299 мың тонна катод мысын өндірген. Бұл – Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызы.

Ал Владимир Ким – әлемдегі 2012 жылғы ең бай адамдардың «Форбс» журналы жариялаған тізіміне Қазақстаннан енген үш адамның бірі.

Бұрын Алматыда компартияның аудандық бөлімінде нұсқаушы болған, 2002 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне енген, 2005 жылдың қазан айынан бастап «Қазақмыс» тобы директорлар кеңесінің төрағасы болған Владимир Ким 3,5 миллард доллар байлықпен 314-орында тұр.
XS
SM
MD
LG