Accessibility links

Мәуліт мерекесінде мүфти мен академик Алладан президент Назарбаевтың амандығын тіледі


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі (мінбеде) Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мейрамына жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 5 наурыз 2011 жыл.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі (мінбеде) Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мейрамына жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 5 наурыз 2011 жыл.

Сенбіде Алматыда мәуліт мерекесін атап өтуге жиналған көпшілік алдында сөйлеген бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі Алладан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саулығын тілеп дұға қылды.


Наурыздың 5-і күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жамағат Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мерекесін атап өтуге жиналды.

Бес мың орындық спорт сарайының іші халыққа лық толды.

Мәуліт мерекесіне ер де, әйел де, кәрі мен жас та, түрлі ұлттың өкілдері де
Мәуліт мерекесін атап өтуге Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналғандар. Алматы, 5 наурыз 2011 жыл.
көптеп жиналды. Мінбеге жақындау маңда кешегі коммунистік заманда атеистік көзқарас ұстанып биік мансапта болған, ал бүгінде зейнет жасындағы адамдар да көзге шалынды.

Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өту шарасында мадаққа Алла мен пайғамбар ғана емес, ел басқарып отырған адамның да аты ілінді.

Шара кезінде сөйлеген бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі мәуліт мерекесінің мән-маңызына тоқталмас бұрын Алладан елге тыныштық және "дінім деп жүрген" президент Нұрсұлтан Назарбаевтың денінің саулығын тілеп дұға оқыды.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі, 5 наурыз 2011 жыл.
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00
Жүктеп алу


Мүфтидің кіріспе сөзінен кейін бірден мәуліт оқылып, пайғамбардың атына салауат айтылды.

Бұдан соң сөз алған заң ғылымдарының докторы, академик Сұлтан Сартаев көпшілікке батасын берді. «Алланы ұмытпауды, мәулітті атап өту дәстүрге айналдыруға» шақырған академик те өз сөзін президент Назарбаевтың деніне саулық, ісіне табыс тілеумен аяқтады.

Академик Сұлтан Сартаевтың мәуліт мерекесіндегі батасы. Алматы, 5 наурыз 2011 жыл.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:34 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG