Accessibility links

Жаңа ереженің дауы шешілмеді, ҮЕҰ-ларды жауып жатыр


«Халықаралық құқықтық бастама» президенті Айна Шорманбаева.
«Халықаралық құқықтық бастама» президенті Айна Шорманбаева.

Алматылық белсенділер ҮЕҰ қызметіне қатысты толық ақпарат беру жайлы жаңа ережені заңсыз деп тануды сұраған арызын сотта алты айдан бері қарата алмай жүр.

«Халықаралық құқықтық бастама» президенті Айна Шорманбаева «Үкіметтік емес ұйымның (ҮЕҰ) құрылтайшысы, қызметкерлері мен донор ұйымы жайлы мәліметтер толық көрсетілген есепті мәдениет және спорт министрлігіне тапсыруды міндеттейтін жаңа заң мемлекеттен тәуелсіз бірлестік құру құқымызды бұзады» деп санайды. Оның пікірінше, бұл талаптар мемлекет қаржыландыратын ҮЕҰ-ға ғана қойылуы тиіс.

ҮЕҰ-лар қағазбастылықтан құтылғысы келеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:33 0:00
Жүктеп алу

ҮЕҰ туралы жаңа заң нормаларына сәйкес, Қазақстанда тіркелген ҮЕҰ-лар мәдениет және спорт министрлігіне наурыздың 31-іне дейін есеп өткізуі тиіс, бұл талапты орындамаған ұйымдарға 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 120 мың теңге) көлемінде айыппұл мен ҮЕҰ қызметін тоқтату түріндегі жаза қарастырылған.

КЕЛІСПЕЙТІНДЕР

Айна Шорманбаеваның айтуынша, «Халықаралық құқықтық бастама» үкіметтік емес ұйымы «есеп бермеу принципін ұстанып отыр». Ол есеп берудің жаңа формасын «қоғамдық бірлестік істеріне мемлекеттің шектен тыс араласуы» деп атайды. Оның айтуынша, мемлекеттің қолында мұндай мәліметтер онсыз да талай жылдан бері бар.

- Біз заң аясында жұмыс істейміз. Ұйымымыздың басшысы, құрылтайшылары, тіркелген күні мен орны жайлы мәліметтер eGov базасында («Электронды үкімет» сайты) да, қайда, қанша ақша жұмсағанымызды көрсетіп тапсырған есептеріміз салық органдарында да бар, банк валюталық бақылау жасайды, бүкіл есеп-шотымыз бақылауда. Грант алсақ, бюджетін келісім-шартпен бірге тапсырмай жұмсай алмаймыз, - дейді Айна Шорманбаева.

Ақпан айында «Халықаралық құқықтық бастама» қоры өкілдері ҮЕҰ қызметі жайлы толық дерек беру жайлы ережені заңсыз деп тануды сұрап, Астананың Есіл аудандық сотына арыз берген. Сот шағымды қараудан бас тартқан соң, белсенділер оны мамандандырылған ауданаралық сотқа жолдаған, бірақ ол жақтан да ештеңе шықпады. Бірақ белсенділер Астана қалалық сотына шағымданған соң арыз мамандандырылған ауданаралық сот қарауына кері қайтарылған.

Кеше ақыры келіп еді, сотқа қандай арыз түскенін де білмейтін болып шықты. Әлгі арызымыз үш сотқа түсті, ал олар әлі білмейді.

- Бұл істі қарау созылып кетті. Олар оны мысық пен тышқанның ойынына айналдырып жіберді, дұрыстап қарағылары келмейді, ал мәдениет министрлігі [2016 жылдың 22 маусымына дейін] бір де сот процесіне келмеді. Кеше ақыры келіп еді, сотқа қандай арыз түскенін де білмейтін болып шықты. Әлгі арызымыз үш сотқа түсті, ал олар әлі білмейді. Ендігі сот отырысы маусымның 30-ы күні өтеді деп отырмыз, - дейді Айна Шорманбаева.

Толық есеп беру жайлы жаңа ережелермен Алматы ғана емес, атыраулық кей белсенділер де келіспейді. Облыстың экологиялық проблемаларымен 18 жыл бойы айналысқан «Каспий табиғаты» үкіметтік емес ұйымы «өз еркімен жойылу процесін» бастаған.

«Каспий табиғаты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Махамбет Хакімов.
«Каспий табиғаты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Махамбет Хакімов.

Атыраулық ҮЕҰ жетекшісі Махамбет Хәкімовтің айтуынша, оларды мұндай шешім қабылдауға былтыр заңға енгізілген әрі олар «қорлау» деп санайтын үкіметтік емес ұйымдарды қызметі жайлы қосымша есеп беруге міндеттеген нормалар итермелеген.

- «Каспий табиғаты» ешкімнен ақша алған емес. Біз өз қаражатымызға жұмыс істейміз, - деген болатын Махамбет Хәкімов Азаттыққа берген сұхбатында.

Айна Шорманбаеваның сөзінше, ел аймақтарында ҮЕҰ туралы жаңа заң қабылдануына байланысты жабылып қалған немесе қиындықтарға тап болған өзге қоғамдық ұйымдар да бар, бірақ олар бұл жайлы жұртқа жарияламауға тырысады.

- Олар - бухгалтер ұстауға, қағаздарын екі тілде жазуға, мұның бәрін пошта арқылы жіберуге ақшасы жоқ «бос» есеп тапсыратын ұйымдар. Ақшасы жоқтардың көбі жабылғанды жөн санаған сияқты. Бірақ олар мұны ашық айтпайды, ал «Каспий табиғаты» дерекқорға мәліметтерді беру талаптары ҮЕҰ-ды қорлау деп ашық айтып, дерекқорға мәлімет бергеннен гөрі, жабылғанымыз жөн деп санады, - дейді Айна Шорманбаева.

ЕСЕП ТАПСЫРЫП ЖАТҚАНДАР ДА БАР

Бірақ мәдениет және спорт министрлігіне толық есеп беріп жатқан ҮЕҰ-лар да бар. Олардың бірі – Өскемен қаласындағы «Деловая перспектива» облыстық бизнес-білім бағдарламаларын іске асыруды қолдайтын қор». Оның директоры Светлана Прыгованың Азаттыққа айтуынша, оның ұйымы үшін толық есеп тапсыру ешқандай проблема да, қиындық та тудырмаған.

Ол мұның үлкен дауға ұласқанынан қайран қалғанын айтады. Ол есеп беруге қатысты жаңа ережелерді мемлекет «аккредитациясынан өту формасы» деп атайды. Светлана Прыгова «ҮЕҰ-ға қатысты деректерді билікке бір рет тапсырып қойсақ, кейін бюджеттік конкурс, тендерлерге қатысу да оңайлайтын шығар» деп үміттенеді.Бірақ мұны болжағаны болмаса, ҮЕҰ туралы қабылданған заңда бұл жайттар нақты көрсетілген бе, жоқ па – білмейді.

Толтыруды талап етсе, несі бар, толтыру керек. Қоғамдық ұйымдар ашық болуы тиіс қой.

- Толтыруды талап етсе, несі бар, толтыру керек. Қоғамдық ұйымдар ашық болуы тиіс қой. Менің түсінуімше, мұндай деректі кез келген адамға беруге тиіспіз, ал сонда өзін барша жұртқа ашықпыз деп есептейтін қоғамдық ұйым жайлы мәліметтерді мемлекет неге алмауы тиіс, - дейді Светлана Прыгова.

Ол «әлдебір жобамен жұмыс істеген кезде өзіміздің ҮЕҰ жайлы көп мәлімет жинаймыз, сондықтан оларды жинап, тапсыру бізгеқиын болған жоқ» деп түсіндіреді. Бірақ өскемендік белсенді былтыр қабылданған ҮЕҰ туралы заңда «көп дүниелер түсініксіз жазылған, сондықтан оларды әлі де пысықтай түсу керек» дейді.

ЗАҢ НОРМАЛАРЫ

Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңға енгізілген толық есептілік ережесіне қатысты даулы түзетулер былтыр қабылданған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, БҰҰ мен ЕҚЫҰ жаңа ережелерді сынап, «бұл - Қазақстан үкіметінің демократиялық реформалар жүргізу жайлы уәделерін бұзуы» деп атаған. Қазақстанда 50-ден аса ҮЕҰ президент Нұрсұлтан Назарбаевтан әлгі заң жобасына вето қоюды өтінген. Азаматтық сектор өкілдері «бұл, шын мәнінде азаматтардың бірігу еркіндігін, айналысатын қызмет түрін таңдау еркіндігін, көзқарас еркіндігін, сөз еркіндігі мен пікір білдіру бостандығы сияқты құқықтарын шектеу» деген болатын.

Шымкенттік «Сана Сезим» ҮЕҰ-ның еріктісі (оң жақта) тергеу абақтысындағы өзбекстандық мигрантқа кітапша беріп тұр. (Көрнекі сурет)
Шымкенттік «Сана Сезим» ҮЕҰ-ның еріктісі (оң жақта) тергеу абақтысындағы өзбекстандық мигрантқа кітапша беріп тұр. (Көрнекі сурет)

Бірақ ертеректе мәдениет және спорт министрлігі өкілдері «заң жобасы азаматтық қоғам институттары қоғам үшін пайдалы функциялармен көбірек айналысу үшін ҮЕҰ-ларды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және институциялық тұрғыдан қолдауды көздейді» деп мәлімдеген.

ҮЕҰ-ны грант түрінде қаржыландыратын бірыңғай оператор құру қарастырылған жаңа өзгерістерді БҰҰ сарапшылары Қазақстандағы ҮЕҰ құқығын шектеу ретінде қабылдаған әрі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды бірыңғай оператор арқылы бөлу Қазақстанның ассоциациялар еркіндігіне қатысты алған халықаралық міндеттемелерін бұзады деп алаңдаушылық білдірген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG